Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері коронавирустық инфекцияның таралуын бақылауды күшейтуде

ЕАЭО елдерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері коронавирустық инфекцияның таралуын бақылауды күшейтуде

03.03.2020

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің СОVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруы Мәскеуде ЕАЭО мемлекеттері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Талқылауға Өзбекстан мен Тәжікстан өкілдері де шақырылды.

Отырысқа қатысушылар анықталған ауру жағдайларына, ЕАЭО мемлекеттерінің жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруына байланысты Одақ елдеріндегі ағымдағы жағдайды талқылады. Олар транзиттік жолаушылар немесе науқастармен араласқан адамдар туралы ақпарат алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.

Жаңа коронавирустық инфекцияның жаһандық таралуын ескере отырып (ауру жағдайлары әлемнің 63 елінде анықталған), Басшылар кеңесінің төрағасы, «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попова жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған іс-әрекеттер тактикасын қайта қараудың маңыздылығын атап өтті және Ресей аумағында қабылданып жатқан шараларға қосымша, медициналық мекемелерге көмек сұрап келетін АРВИ белгілері бар адамдар мен қауіп-қатер аймағында болатын адамдарды бақылау күшейтілетіндігі туралы хабардар етті.

Анықтама

ЕАЭО мемлекеттері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешіміне сәйкес құрылды. Бұл - мүше мемлекеттердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттықты қамтамасыз ету саласында келісілген және үйлестірілген саясатты іске асыруы үшін құрылған Одақтың көмекші органы.

 ​