Жүйеге кіру
ЕЭК сыртқы экономикалық қызметті жүргізу жағдайларын оңайлатады

ЕЭК сыртқы экономикалық қызметті жүргізу жағдайларын оңайлатады

03.02.2021

3 ақпанда жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары Ғалия Жолдыбаеваның төрағалық етуімен реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы кедендік әкімшілік жүргізу және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану мәселелері жөніндегі ЕЭК шешімдерінің жобаларын қарады.

Атап айтқанда, ЕЭК Алқасының Одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде олардың санын өзгертуге немесе су кемесіне тиеу кезінде жай-күйінің өзгеруіне жол берілетін тауарлар тізбесін кеңітетін шешімінің жобасы талқыланды. Қазір бұл тізімге шикі мұнай, газ конденсаты және көмірсутек газдары кірістірілген. Шешім жобасы тізбені тас көмірмен толықтыруды ұсынады, бұл экспорттаушыларға теңіз порттарында  ауыстырып тиеу және су кемелерінде тасымалдау кезінде сатып алушының мүддесіне орай көмірдің жекелеген маркаларын  араластыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс тобы ЕЭК Алқасының Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнының дәл шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беру кезіндегі жағдайлар тізбесін толықтыруды көздейтін шешімінің жобасын қарады.

Құжат тауарды Одақтың кедендік аумағына әкелгеннен кейін айқындалатын оның сапалық (сандық) сипаттамаларын ескере отырып, сыртқы экономикалық келісімшартта тауардың түпкілікті бағасын есептеу тәртібі белгіленетін жағдайда декларанттарға осындай мүмкіндік беруді ұсынады.

ЕЭК Алқасының кедендік құнның оған бақылау жүргізу кезінде анық еместігі белгілерін айқындау мақсатында бір кеденнің қызмет өңірінің бірдей тауарларды әкелуін шектеуді жоққа шығаратын шешімінің жобасы да қолдау тапты.

Отырыс қорытындысы бойынша Ғалия Жолдыбаева: «ЕЭК шешімдерінің бүгін РӘБ рәсімінен өткен кедендік реттеу саласындағы барлық үш жобасы тауарлардың импорты кезінде немесе экспорты кезінде  сыртқы экономикалық қызметті  жүргізу жағдайларын ырықтандыруға бағытталған», деп атап өтті.

Бұдан басқа, Одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және Одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық  талаптарына өзгерістер қаралды. Бұл өзгерістер Одақтың кедендік аумағын томаттар мен басқа да карантиндік объектілердің көкөніс дақылдарына тән үш вирустың  томат жемісінің қоңырланып қатпарлануы, томаттың теңбілденіп солуы және пепино мозаикасы вирустарының әкелінуінен  және таралуынан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.