Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның Иранмен сауда көлемі пандемияға қарамастан өсуде

ЕАЭО-ның Иранмен сауда көлемі пандемияға қарамастан өсуде

02.11.2020

Еуразиялықэкономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Иран пандемияға қарамастан өзара сауда көлемін өсіре түсуде. Мәселен, үстіміздегі жылдың 8 айы ішінде тауар айналымы 2% артты және 2 млрдАҚШ долл. асып түсті. Иран импортының 230 млн АҚШ долл. дерлік артуы өсімнің негізгі үлесін енгізді. Одаққа мүше мемлекеттер арасынан экспорт Армения үшін арттырылды. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралыЕАЭО-ның Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитет тең төрағаларының кездесуінде айтты. Иран тарапынан кездесуге Иранның Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Елдің сауданы дамыту ұйымының басшысы Хамид Задбум қатысты. Өзара сауданыңнегізіауыл шаруашылығы өнімі болды. Азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаты ЕАЭО-дан Иранға жеткізілімдер көлемініңшамамен 80%-ын (939 млн АҚШ долл.) құрады, оның жартысынан астамы (609 млн АҚШ долл.) дәнді дақылдар үлесінде. Өз кезегінде, ұқсас тауарлар Ираннан Одаққа жеткізілімдердің үлкен бөлігін — 68% немесе 575 млн АҚШ долл. құрады. Ираннан импорттың өсуінің негізгі драйверлері — жемістер мен жаңғақтар болды.

Андрей Слепневтің сөзінше, Уақытша келісім жұмыс істей бастаған сәттен бергі жыл ішіндежұмыс органдарының бірқатар отырысы болып өтті. Атап айтқанда, Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары жөніндегі кіші комитеттің және Кедендік ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобыныңалғашқы кездесулері өткізілді. Бұдан басқа, көлік және транзит саласында пікір алысу болып өтті. «Туындаған мәселелерді жедел шешу үшінтоптар мен комитеттердің отырыстарын өткізуді күтудің қажеті жоқ, байланысу пункттерінің аспаптарын пайдалануға болады», — деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі.

Андрей Слепнев Уақытша келісімнің ережелеріне және Бірлескен комитеттің бірінші отырысының қорытындыларына сай, шілдеде Иран мен ЕАЭО арасында тұрақты келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау жайындағы шешімді қарау рәсіміне бастамашылық жасалғанын еске салды. Бүгінгі күнге Комиссия Алқасы мен Кеңесі тарапынан мақұлдау алынды. Үстіміздегі жылдың соңына дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қажетті шешім қабылдауы күтілуде.