Жүйеге кіру
ЕЭК пен ЕҚЫҰ өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін байланысуды жандандырады

ЕЭК пен ЕҚЫҰ өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін байланысуды жандандырады

02.11.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бас хатшысы Томас Гремингермен екі халықаралық құрылымның экономика саласындағы ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу 2 қарашада Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде болып өтті. Оған ЕЭК Алқа мүшелері – ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая, ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина, ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян, Қақтығыстарды болғызбау жөніндегі орталықтың директоры Марсель Песко, Италияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Лука Фратини және ЕЭК пен ЕҚЫҰ-ның басқа да өкілдері қатысты.

Тараптар ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның 2017 жылғы қазанда ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысуы шеңберіндегі кездесулер кезінде қол жеткізілген ынтымақтастық туралы уағдаластықтардың толық орындалуына байланысты қанағаттанғандық білдірді. «Біздің хатшылықтарымыздың арасында тікелей, тұрақты байланысу бар және біздің департаменттеріміздің арасында диалог бар», - деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Томас Гремингер ЕЭК пен ЕҚЫҰ-ның өзара іс-қимылын күшейту, ынтымақтастықты тереңдетуге болатын салаларды табу мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды. «Қазір қатынастарды түзіп болуға көмектесетін жақсы тұжырымдамалық база бар. Ол 2016 жылдан бастап жинақталып, біріктірілуде», - деп атап өтті ол. ЕҚЫҰ бас хатшысы тараптардың дамыта алуы мүмкін салалары арасынан көлік саласын, көші-қон саясаты мен еңбек ресурстарын, цифрлық экономиканы бөліп көрсетті. Оның пікірінше, өзара іс-қимыл салаларын талқылап, іс-әрекет жасай бастау қажет.

Өз тарапынан Тигран Саркисян өзара іс-қимылды жолға қою үшін цифрлық трансформацияны ұсынды. «Цифрлық білім берудің және үздіксіз білім берудің, цифрлық стандарттардың мәселелері біздің де, сіздің де мандатыңызда бар. ЕЭК өз құзыретіне жататын мәселелерді пысықтайды және ынтымақтастықтың «жол картасын» қалыптастыруға қойылатын тәсілдемелерді ұсынады», - деп атап көрсетті Тигран Саркисян.
 
ЕЭК Алқасының Төрағасы көлік дәліздерінің, соның ішінде цифрлық трансформациямен арақатынасты жобалардың маңыздылығын да атап өтті. «Бізде көлік дәліздері бойынша нақты жобалар бар, оларды біз Қытаймен өзара іс-қимыл күн тәртібіне енгіздік. Қытайлық, Еуропалық және Еуразиялық стандарттар ең басынан бастап қадамдастырылғаны маңызды. Бұл қауіпсіздік мәселесімен арақатынасты», - деген пікір білдірді Тигран Саркисян
 
Томас Гремингер бұл ұсынысты қолдады. «ЕЭК пен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі алғашқы қадамдарды асыға күтемін», - деп қорытындылады ЕҚЫҰ бас хатшысы.

Тараптар өзара іс-қимылды арттыру үшін хатшылықтар мен институттар арасындағы байланысуды жандандыруға уағдаласты. Таяудағы перспективаға арналған ынтымақтастықтың жоспарларын талқылау үшін ЕЭК пен ЕҚЫҰ өкілдерінің кездесуін өткізуге шешім қабылданды.