Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі ЖЕЭК отырысы күн тәртібінің мәселелерін қарады

ЕЭК Кеңесі ЖЕЭК отырысы күн тәртібінің мәселелерін қарады

02.11.2018
Астанада (Қазақстан Республикасы) өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысында интеграция, сауда, өнеркәсіп, көлік, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің экономикаларын цифрландыру салаларында шешімдер қабылданды.

ЕЭК Кеңесі биылғы желтоқсанда Санкт-Петербургте Одақ елдері мемлекеттері басшыларының қарауы үшін ұсынылатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысы күн тәртібінің мәселелерін қарады.

Атап айтқанда, ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімнің күшіне енуі және іске асырылуы, ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі мәселелері, ЕАЭО-ның 2019 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары, Жерді дистанциялық зондтау деректерінің ұлттық көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кооперациясын дамыту мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, Комиссия Кеңесі мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына олардың Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы тұрақты өкілдері арқылы ЕАЭО-ның ДСҰ органдарына байқаушы ретінде қатысу мәселесін пысықтауды тапсырды.