Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен РФ ФЖ Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың кездесуі

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен РФ ФЖ Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың кездесуі

out_2M2A5068.jpg
02.09.2020

2 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуі болып өтті.

Олар Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәселелері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметін талқылады. ЕЭК-тің мүше мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды тереңдету үшін жүзеге асырып отырған үлкен жұмысы атап өтілді.

Тараптар ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестердің дәйекті дамуына және оның қарапайым азаматтар үшін оң әсерінің күшеюіне қанағаттанғандық білдірді.

Әңгімелесу барысында Одақтың халықаралық аренада біртіндеп эволюция жолымен қатысушы елдердің экономикалық мүдделерін қорғап қалудың қарымды механизміне айналып келе жатқаны атап көрсетілді.