Жүйеге кіру
ЕАЭО-да мүше мемлекеттердегі импортты алмастыруды қолдаудың жеті бағыты келісілді

ЕАЭО-да мүше мемлекеттердегі импортты алмастыруды қолдаудың жеті бағыты келісілді

02.07.2019

1 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде өткен өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперацияның және импортты алмастырудың интеграциялық өзара іс-қимылы мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының бірінші отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин «Еуразиялық экономикалық одақты индустрияландырудың біз қалыптастырып жатқан картасы Одақ деңгейінде импортты алмастыру жөніндегі жұмысты кешенді ұйымдастыруға, импортты алмастыру жөніндегі ұлттық жоспарларды біріктіруге, ЕАЭО деңгейінде импортты алмастырушы тізбектерді түзуге, бір бірінің құзыретін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді.
Жоғары деңгейдегі жұмыс тобы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімі бойынша құрылды және оның құрамына Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары кіреді.
Бірінші отырыста Одақ елдеріндегі импортты алмастыру жобаларына қатысудың механизмдерін тұжырымдау тәртібі талқыланды.
Комиссия сарапшылары мен тараптардың уәкілетті органдары мүше мемлекеттердегі импортты алмастыруды қолдаудың бағыттарын пысықтады. Қазірдің өзінде осындай жеті бағыт келісілді. Олар дамудың инновациялық векторына (мемлекетаралық бағдарламалар және ҒЗТКЖ саласындағы жобалар, салалық құзырет орталықтарын қалыптастыру) көшуді де, сол сияқты бірлескен өндірістерді ұйымдастыру мен ЕАЭО-дағы бірлесіп өндірілген өнімді қолдауды да көздейді.
«Бұдан әрі импортты алмастырушы жобаларға қатысудың және шешімдердің тиісті жобаларын дайындаудың нақты механизмдерін тұжырымдауға қарай ілгерілеу қажет», - деп түйіндеді ЕЭК министрі.