Жүйеге кіру
Одақта Еуразиялық реттеуші «құмсалғыштар» модельдері таңдалуда

Одақта Еуразиялық реттеуші «құмсалғыштар» модельдері таңдалуда

02.07.2019
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасянның төрағалық етуімен мемлекеттік органдардың, бизнестің өкілдерімен және цифрлық трансформацияның ұлттық орталықтарының сарапшыларымен реттеуші «құмсалғыштар» модельдерін талқылау жөніндегі стратегиялық сессия болып өтті.
«Реттеуші «құмсалғыш» дұрысында құқықтық эксперимент рөлін орындайды, ол шынайы тәуекелдерді және цифрлық шешімдерді енгізуден мүмкін болатын залалды айқындауға тиіс. Комиссия алаңында бұл үшін қажетті реттеуші «құмсалғыштардың» типі мен моделін - олардың ашық немесе жабық екенін, қатысушылар жиыны қандай екенін, кім жауапты болатынын, жұмыс процесі нақ қалай ұйымдастырылатынын барынша жан-жақты және нақты бірлесіп ойластырған маңызды,- деп атап өтті ЕЭК министрі Карине Минасян.- Ұсыныстарды қалыптастыру кезінде бірлескен жобаларда, интеграциялық деңгейде және Одақ елдерінде қолданылуы мүмкін жұмыс механизмдеріне баса назар аударған маңызды болады».
Бүгінгі таңда бірнеше реттеуші «құмсалғыштар» қарастырылуда. Олардың әрқайсысы шамамен «құмсалғышқа» қатысу туралы өтінім берген сәттен бастап одан шыққанға дейінгі бес кезеңді қамтиды.
Реттеуші «құмсалғыштардың» арнайы құқықтық режимдерін қолдану арқасында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық трансформациясымен байланысты жобаларды іске асыру мерзімдері қысқаруы мүмкін, ал бастамашылар ұсынған жобалардың сапасы арта түседі. Мұндай ұсыныстар Одақта арнайы режимдер (реттеуші «құмсалғыштар») қолдану туралы тұжырымдама жобасын әзірлеу барысында талқыланады.
«Құмсалғыштарды» тікелей пайдаланушылардан өзге, жобаларды сынамалауға ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары, ЕЭК және жобаларды үйлестіру жөніндегі жұмыс топтары қосылады деп күтілуде. Реттеуші «құмсалғышқа» бірден бірнеше жоба жайғастырылуы мүмкін. Бұл ұқсастық жағдайы кезінде оларды нысаналап түзетуге көмектеседі.
Реттеуші «құмсалғыштардың» модельдерін кезекті талқылауды ағымдағы жылғы тамызда ЕЭК штаб-пәтерінде өткізу жоспарлануда.
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) реттеуші «құмсалғыштарды» қолдану тұжырымдамасының жобасын талқылауға Е.Т. Гайдар атындағы Экономикалық саясат институтының, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының, Стратегиялық әзірлемелер орталығының, «Сбербанк» ЖАҚ-тың, «Ақпараттық қоғам» қоғамдық бірлестігінің, «Талдау және бағалау орталығы» қоғамдық қорының сарапшылары, Беларусь Республикасы Байланыс және ақпараттандыру министрлігі мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері қатысты.
Анықтама
Реттеуші «құмсалғыш» (ағылшынша - Regulatory Sandbox) - қандай да бір жаңа салада өзара іс-қимыл мен бизнес-процестер құрылымының неғұрлым тиімді моделін айқындау үшін шешімдерді реттеудің, пысықтаудың және сынамалаудың, соның ішінде реттеушілікті арнайы құқықтық режимі. Реттеуші «құмсалғыштарды» цифрлық бастамалар мен жобалар шеңберінде экономикалық процестерді реттеудің механизмдері мен қағидаларын пысықтау үшін пайдаланған орынды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2018 жылғы 27 қарашадағы «Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде арнайы режимдерді («реттеуші құмсалғыштарды») қолдану тұжырымдамасын әзірлеу туралы» өкімі.