Жүйеге кіру
Еуразия экономикалық комиссиясы 2014 жылдың ішінде атқарылған жұмысына тиісті қорытындыларды және 2015 жылдың жоспарларын ұсынды

Еуразия экономикалық комиссиясы 2014 жылдың ішінде атқарылған жұмысына тиісті қорытындыларды және 2015 жылдың жоспарларын ұсынды

asf
02.06.2015

Еуразия экономикалық комиссиясы 2014 жылда атқарылған өз іс-әрекетінің жылдық есебін 2015 жылдың жоспарларын жариялады.

«Комиссия әрекетінің өзекті қорытындысы – 2014 жылдың мамырында Еуразия экономикалық одақ (ЕЭО) туралы Келісім-Шартқа Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар, тағы екі мемлекеттер – Армения және Қырғызстанның Президенттерінің қол қоюы», - ЕЭК Алқа Төрағасы Виктор Христенко айтты.

Виктор Христенко айтуынша, ЕЭО –ерекше аймақтық бірлестік болып табылады. Оның басты ерекшелігі – қатысушы-мемлекеттерінің орасан зор экономикалық және ресурстық келешегі жатады. «Дүниежүзілік экономикалық архитектураның үйлесімді бөлшегі ретінде Одақ тиімді ішкі жаңғыртуларға, сонымен қатар үшінші мемлекеттермен, интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен құрылымдық диалогын құруға мақсатталған», - Виктор Христенко атап өтті.

Қазіргі таңда ЕЭО еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға 40 жуық мемлекеттер өз қызығушылығын танытты. Осылайша, 2015 жылдың 29 мамырында ЕЭО мемлекеттерінің Үкімет ел басшылары Вьетнаммен еркін сауда туралы Келісімге қол қойды. ЕСА құру едәуір зор сауда ағымдарын арттыруға үлес қосады. Келісім міндеттерді қамту және тереңдігіне байланысты ЕЭО мемлекеттеріне сауда келісім-шарттарының жаңа сапа стандартын құруға маңызды. Сонымен қатар, ЕЭО бірге ЕСА құру туралы қызығушылығын Израиль, Египет, Үндістан секілді мемлекеттері және басқалары танытты.

2014 жылда Комиссия жұмысының негізгі блогы Жылдық есепте көрсетілгендей, бірінші кезекте еуразия интеграциялық бірлестік төңірегінде нақты экономикалық салаларды дамытуға тиісті Одақ мемлекеттер жайғасымдарын келісу болып табылады.

ЕЭК қоса одақтас мемлекеттер көзделген мақсаттарға белсенді қозғалды – төрт «еркіндік» базасында бірыңғай нарықты құру: тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің айналымы жатады. Маңызды қадамдар ретінде экономиканың өзекті секторларында, соның ішінде қызметтер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, транспорт, энергетика және кедендік реттеу салаларында келісілген саясатты қалыптастыру туралы уағдаластықтар болып табылады.

Өткен жыл интеграцияны нығайту жоспарында айтарлықтай жемісті – 2014 жылдың қазан айында 2015 жылдың 2 қаңтарынан бастап Армения Республикасының Одаққа қосылуы, 2014 жылдың желтоқсан айында – Қырғызстанның қосылуы туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Алдағы уақытта ЕЭО Қырғызстанның қосылуы туралы барлық құжаттары қатысушы-мемлекеттермен бекітілуі тиіс. Жылдық есеп жаңа мүшелердің интеграциялық бірлестіктерге қосылуына байланысты қандай жұмыс атқарылғандығы туралы көрініс береді.

Сонымен қоса, жинақтан өзара саудаға кедергі келтіретін бас тарту және шектеулерді жоюға қатысты жұмыс нәтижелері туралы білуге болады.

Комиссия өз есебінде ЕЭО нарығында бәсекелестік жағдайларды түзетуге, Одақ мемлекеттерінің өндірушілер қолдауына,  маңызды серіктестермен сауда режимдерін дамытуға және үшінші мемлекеттер нарғында қол жетімділікті кеңейтуге, бірыңғай қызметтер және инвестициялар нарығын қалыптастыруға, сонымен қатар қандай техникалық регламенттер болатындығын жариялауға, өз күшіне кіргендерін немесе енгізуге жататындарына, өнеркәсіптік субсидиялар және валюталық саясатындағы өзгерістерге ж.т.б. тиісті тапсырмаларды тұңғиықты көрініс беруге тырысты.

Соның ішінде соңғы жылдары макроэкономикалық саясаттың негізгі нысаналары және мүше-мемлекетерінің экономикалық дамуға тиісті бағыттары енгізілді, яғни олар макроэкономикалық тұрақтылығына және экономикалық өсімнің қайта қалыптасуына қажетті жағдайлармен қамтамасыздайды.

2014 жылы Комиссия ЕЭО Кедендік кодексін қалыптастыруға байланысты жұмысын бастады, яғни бұл барлық жаңа ақиқатты, соның ішінде электронды құжатты жүргізуге ауысуды ескереді, бұл уақытты үнемдеуге және кедендік ресімдеуге қажетті құжаттар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Жылдың ең маңызды қорытындысы ретінде – 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне кіретін дәрі-дәрмек құралдарының және медициналық заттардың бірыңғай нарығын құру туралы ЕЭО мүше-мемлекеттерімен қабылдан шешімі болып табылады.

ЕЭК ең маңызды бағыттарының бірінде сәтті қол жеткізу – еңбектің жалпы нарығын құру жатады. Комиссиямен ЕЭО туралы Келісім-Шартына сәйкес бөлімі және оған тиісті қосымшасы Тараптармен мақұлданды және келісілді. Құжаттың өз күшіне кіре салысымен, жұмыс беруші қосымша тексеру процедурасыз еңбек ететіндердің білімі туралы құжаттарды қабылдайды. Мүше-мемлекетерінде еңбек ететіндер азаматтық-құқықтық келісім-шартқа сәйкес жұмыс атқаруға, сонымен қоса, тегін медициналық қызметтерді және әлеуметтік сақтандыру қызметтерін қолдануға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандыру аясында бірлестік туралы Келісім-Шартқа тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр. Ол басқа Одақ қатысушы-мемлекетінде жинақталған зейнетақыны экспорттау және еңбек өтілін ескерумен байланысты сұрақтарды шешуге бағытталған.

Сонымен қоса, ЕЭО туралы Келісім-Шарт бірыңғай қызметтер нарығын құруды, кезеңдік өтетін ырықтандыруды қарастырады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай нарықты құратын 43 қызметтер секторынан тұратын тізім өз күшіне кірді.

Әділ бәсекелестікті орнату мақсатында Комиссия ішкі нарықты расталған және адекватты қорғау және үшінші мемлекеттердегі сауда серіктестерінің бәсекелестікке қарсы іскерлермен күресуге тиісті шараларын қолдану жұмыстарын жалғастырып отыр. Өткен жылы жеті демпингке қарсы тексерулер ашылды, сонымен қоса, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалау жүйесін құру жұмысы өз бастамасын алды, яғни бұл ЕЭО аумағында осындай тауарлар айналымын және олардың кіргізу немесе шығарылуын заңдастыруын тиімді бақылауға алуға мүмкіндік береді.

2014 жылы энергетика саласында ЕЭО жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы Концепциясы енгізілді, ол 2019 жылы кең ауқымда әрекет етеді. Бұл шара ұлттық экономиканың тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсізідікті қамтамасыздауға және мүше-мемлекеттерінде бәсекелестіктің артуына сеп келтіреді.

«ЕЭО туралы Келісім-Шартқа Одақ мүше-мемлекеттерімен бірге қол қоюға қажетті жағдайларды құрумен өзара әрекеттестікті орнату арқылы Еуразия экономикалық комиссиясы оның баптарын іс жүзінде жанастыруға мақсатталған, - деді, Виктор Христенко. – Біз тұрғындардың өмір деңгейін арттыру мақсатында мүше-мемлекеттер экономикасын тұрақты дамытуға қажетті бағыттарды тапсырмаларды жүзеге асыруды жалғастырып отырмыз».

Анықтама:

Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК),Еуразия экономикалық одағының ұлт аралық реттеуші органы ретінде қалыпты түрде әрекет етеді, 2012 жылдың 2 ақпанында өз әрекет етуін бастады. Қазіргі уақытта ЕЭК төрт мемлекеттерінің: Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының өкілдері кіреді. Комиссия шешімдері ЕЭО қатысушы-мемлекеттер аумағында атқарылуы міндетті.

2014 жылдың 29 мамырында Беларусь, Қазақстан және Ресей Еуразия экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы Келісім-Шартқа қол қойды, содан соң, оған Армения және Қырғызстан қосылды. Одақ төңірегінде тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыздалады, экономиканың сан алуан салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізіледі. ЕЭО мақсаты - тұрғындардың өмір деңгейін арттыру мақсатында мүше-мемлекеттер экономикасын тұрақты дамытуға қажетті жағдайларды қамтамасыздау, жан-жақты жаңғырту, кооперация және ғаламдық экономика жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жатады. ЕЭО Кедендік одақ (КО) және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) негізінде құрылған.

Кедендік одақ (КО) 2011 жылдың 1 шілдесінде толық ауқымда әрекет етті. Ол, бірінші кезекте тауарлар қозғалысының еркіндігін қамтамасыздады. Сонымен қоса, үш мемлекеттер аумағында (Беларусьте, Қазақстанда және Ресейде) бірыңғай Кедендік кодексінің нормалары қолданылады, Бірыңғай кедендік тариф, ішкі нарық қорғау шараларының жүйесі, техникалық реттеу аясында бірыңғай құқықтық алаң  әрекет етеді.

КО құрған соң, келесі қадам – 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістісті (БЭК) құру болып табылды. Бұл кезеңдегі жұмыстың негізі ретінде интеграциялық жоба төңірегінде үш мемлекеттердің өзара әрекеттестік аясында нығаюы, соның ішінде қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысымен байланысты сұрақтарға тиісті 17 негізгі Келісімдерден тұратын пакет болып табылды. Экономиканың маңызды салаларында келісілген саясатты жүргізуді қалыптастыру өз бастауын алды.

Біз интеграцияны нығайту барысында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет ететін Еуразия экономикалық одақты (ЕЭО) құрдық. Бұл кезеңде тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің бірыңғай нарығы қалыптасты, бірыңғай ережелер және процедуралар енгізілді, мүше-мемлекеттердің келісілген саясатындағы алаң қалыптасты, ал Еуразия экономикалық одақ халықаралық құқықтық субъектісі болып танылды.