Жүйеге кіру
ЕЭК Еуразиялық елдердің жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастығын қолдайды

ЕЭК Еуразиялық елдердің жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастығын қолдайды

01.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңындағы «ЕАЭО-дағы жеңіл өнеркәсіпте үшінші елдермен ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» зум-сессиясына қатысушылар жеңіл өнеркәсіп саласындағы кооперациялық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.


«Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы өте сыйымды, кооперациялық жобалар үшін, бірлескен өндірістер құру үшін зор әлеуеті бар. Бұл ретте жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастықты кеңейтуге көршілес елдер — Тәжікстан мен Өзбекстан да қызығушылық білдіруде», — деп атап көрсетті ЕЭК-тің Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Тигран Арутюнян.


Халықаралық өндірістік кооперация — өзара сауда айналымының көлемін арттыруға мүмкіндік беретін бағыттардың бірі екендігі атап өтілді. Орташа мерзімдік перспективада сауда шикізатты жеткізуге арналған мәміле саласынан түпкілікті өнімді өндіру жөніндегі бірлескен кооперация саласына трансформацияланады. Мақта талшығы мен тері-терсек шикізаты бойынша бай шикізат базасы, арзан энергия және еңбек ресурстары — осы үш құрауыш Тәжікстанды Ресей Федерациясымен де, сол сияқты ЕАЭО-ның басқа елдерімен де бірлескен өндірістер құру жөніндегі перспективалы әріптеске айналдырады.

 

Қазақстан мақта талшығымен қамтамасыз етілуіне және мақта-мата өндірісінің дамуына қарамастан, дайын киім өндірісі перспективалы, толтырылмаған тауаша болып қала береді. 2020 жылы Қазақстан Республикасының аумағында мақта-тоқыма кластерін құру туралы шешім қабылданды. Іс-шараға қатысушылар осыған байланысты Қазақстан аумағында құрылған кластердің және ЕЭА-лардың преференциялары Одақ өндірушілерін оқшауландыруға ықпал етуі және дайын өнім өндірісін ынталандыруы мүмкін деп мәлімдеді.


Бұдан басқа, сессияға қатысушылар үшінші елдердің нарығына шығу үшін жеңіл өнеркәсіп өндірушілерін қолдау мәселесін талқылады. Ресей өкілдері экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық та, сол сияқты қаржылық емес те қолдауды кірістіретін кең бағдарламасы туралы айтып берді.


Пікірсайыстың тағы бір маңызды тақырыбы — өткізудің ең тез өсіп келе жатқан көтерме сауда арнасы ретінде электрондық сауда алаңдарын дамыту болды. Қазір компаниялардың маркетплейстегі, соның ішінде экспорттық орталықтардың осындай орналастыруды субсидиялау жөніндегі бағдарламларының арқасында өсуі байқалуда. Пандемия кезеңінде көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуды маркетплейстерде тұтынушылар ЗD-шынайылықты пайдалана отырып, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп тауарларын бағалай алатын виртуалды бөлмелер құру мүмкіндігі алмастырды.

 

«Жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің ұлттық және халықаралық сауда алаңдарына шығуы — қазірдің өзінде жай ғана жаһандық трендтермен бірге адымдау емес, мұның өз бизнесін сақтауға және оны жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін шынайы жұмыс істейтін құрал екендігі айқын», — деп атап көрсетті Тигран Арутюнян.


Анықтама


Іс-шараға Ресей Федерациясының
Тәжікстан Республикасындағы және Қазақстан Республикасындағы сауда өкілдіктерінің қызметкерлері, Ресей экспорттық орталығының, Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының, Қазақстан балалар тауарлары индустриясы қауымдастығының, Wildberries, Alibaba.com және World Textile Marketing Agency (Өзбекстан Республикасы) компанияларының өкілдері қатысты.​