Жүйеге кіру
Андрей Слепнев ЕЭК-тің сауда блогын басқарады

Андрей Слепнев ЕЭК-тің сауда блогын басқарады

4G4A3507-copy-7920718.jpg
02.03.2020

            2 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) болып Андрей Слепнев тағайындалды. Тиісті шешімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қабылдады.

            Андрей Слепневтің өзі атап көрсеткендей, ол жұмысының негізгі бағытын ЕАЭО мемлекеттерінің үшінші елдерге қатысты бірлескен позицияларын нығайтудан көреді.

            «Бізге Одақ пен оған мүше мемлекеттердің сыртқы нарықтардағы позицияларын нығайту, оларда жұмыс істеудің таңдаулы жағдайларына ие болу және экспортты кеңейту қажет. Сыртқы нарықтарда біздің кәсіпорындарды, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдана отырып қолдаудың бірлескен Еуразиялық бағдарламаларына, экспорттаушыларды қолдау жөніндегі ұлттық саясаттарды ұштастыруға ерекше назар аударуды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, еркін сауда бойынша бірқатар елдермен әріптестік орнату, Еуразиялық «бестік» елдерінің бизнесі үшін Вьетнаммен, Иранмен, Қытаймен және басқа елдермен жасасылып қойылған келісімдерден практикалық нәтижелер алу бойынша жұмысты жандандыруға үміт артамын», – деді Андрей Слепнев.

            Андрей Слепнев 2012-2016 жылдары да ЕЭК Сауда жөніндегі министрі қызметін атқарды. 2020 жылғы ақпанға дейін ол «Ресей экспорттық орталығының» бас директоры болып істеді.​