Жүйеге кіру
Андрей Слепнев ЕАЭО бизнесінің өңірге шығуы үшін Сингапурдың хаб ретіндегі әлеуеті толық мәнінде ашылады деп санайды

Андрей Слепнев ЕАЭО бизнесінің өңірге шығуы үшін Сингапурдың хаб ретіндегі әлеуеті толық мәнінде ашылады деп санайды

01.12.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)  Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепневтің Сингапур Республикасының Премьер-министрі кеңсесі  жанындағы министрі, еңбек ресурстарының екінші министрі, сауда және өнеркәсіптің екінші министрі доктор Тан Си Ленгпен әңгімелесуі болып өтті, оның шеңберінде ЕАЭО мен Сингапур арасындағы еркін сауданың тұтастай қамтитын аймағын қалыптастыруды аяқтау мәселелері талқыланды.

«Сингапурдың әсерлі прогресіне - соңғы он жылдық ішіндегі  технологиялар саласында қол жеткізгендеріне және әлеуметтік-экономикалық саладағы шешімдеріне Одақ құрметпен қарайды. Бұл шешімдердің көпшілігі оқулықтарға енгізілген,  біз оларды мұқият зерделеудеміз және өз практикамызда пайдаланудамыз.Тәжірибе алмасу бөлігіндегі терең бейресми байланыстарды ескере отырып,  тұтастай алғанда   біздің бизнесіміздің өңірге кіруі үшін  Сипгапурмен артықшылықты ынтымақтастықты пайдалануға мүдделіміз»,- деп мәлімдеді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Осыған байланысты ЕАЭО елдерінің қызметтер көрсету мен инвестициялар нарығына қол жеткізудің бәсекеге қабілетті деңгейін алуы маңызды болып табылады.

Андрей Слепнев ЕАЭО-ның Сингапурмен қалыптастыру туралы уағдаластық 2019 жылғы қазанда беркітілген тұтастай қамтитын сауда мәмілесін  тезірек күшіне енгізуге бейілділігін сақтайтынын атап көрсетті. Осымен бір мезгілде,  бұл үшін Одақ елдері мен Сингапур арасында  екіжақты келіссөздер шеңберінде өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізу қажет.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі министр Тан Си Ленгтің тікелей қатысуымен  уағдаластықтарда  қажетті теңгерім қалыптастырылатына үміт білдірді.

Министр Тан Си Ленг өз тарапынан  ЕАЭО елдерімен екіжақты келіссөздер  әртүрлі қарқынмен ілгерілеп келе жатқанын  және Қырғызстан жағдайында олар аяқталуға жақындағанын атап өтті.

Анықтама

2019 жылғы 1 қазанда Армения Республикасы мен Сингапур Республикасының арасында Қызметтер көрсету және инвестициялар туралы келісім жасасылды. Сондай-ақ бір тараптан ЕАЭО  мен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Сингапур Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісім және Тұтастай қамтитын сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім  («тауарлар, қызметтер көрсетулер, инвестициялар» форматындағы уағдаластықты «пакеттейтін») жасасылды. Уағдаластықтың  бүкіл пакеті қадамдас күшіне енеді деп бағамдалуда.​