Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Техникалық реттеу – ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін күшейтудің негізгі құралдарының бірі»

ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Техникалық реттеу – ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін күшейтудің негізгі құралдарының бірі»

IGZC2622.JPG
01.10.2019

Ереванда (Армения Республикасы) «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Өнім бойынша үндестірілген талаптарға көшу және нарыққа қол жеткізу рәсімдерін тану Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) көлік әлеуетін күшейтеді», – деп мәлімдеді.

Іс-шара шеңберінде Одақ құқықтық жүйесінің көлік әлеуетінің: көлік саясаты, бірыңғай транзиттік жүйе, ЕАЭО елдерінің экспорттық-импорттық мүмкіндіктері және тосқауылсыз орта қалыптастыру орайындағы рөлі талқыланды. Форумға ЕЭК министрлері мен лауазымды адамдары, Одақ елдері билік органдарының басшылары, бизнес өкілдері қатысты.

«Бірыңғай Еуразиялық көлік-логистика жүйесі – көлік әлеуетінің негізі» панельдік сессиясы барысында қатысушылар көлік әлеуетін дамыту үшін техникалық реттеу құралдарын пайдалану перспективаларына айрықша назар аударды. Виктор Назаренко ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің бірыңғай жүйесінің негізгі құралдарын,саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастау үшін жағдайлар жасаудағы және ішкі нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғаудағы олардың орны мен рөлін таныстырды.

ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық одақ Вьетнаммен, Иранмен, Қытаймен қол қойылған келісімдер шеңберінде үшінші елдермен сауда қатынастарын белсенді дамытып отырғанын, таяу уақытта еркін сауда туралы бірқатар жаңа келісімдерге қол қойылатынын атап өтті. «Бізге бүгінде үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен жағдайлары туралы келісімге қол қоюды тездеткен маңызды, бұл ЕАЭО мен үшінші елдер аумақтарында тауарлардың тосқауылсыз қозғалысын қамтамасыз етудің тиімді механизмін орнатады», – деген сенімде Виктор Назаренко.

ЕЭК министрінің пікірінше, Одақтың және үшінші елдердің нарығына өнімді өзара жеткізуді қамтамасыз ету үшін таяу уақытта оларға қатысты техникалық тосқауылдар жойылатын өнімдер тізбесін, мұндай өнімге қойылатын үндестірілген талаптарды белгілейтін құжаттарды айқындау, сондай-ақ нәтижелерін Одаққа мүше мемлекеттер мен ЕАЭО сауда әріптестері өзара танитын мұндай өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі органдарды тағайындау талап етіледі.

«Сөйтіп, Одақтың өндірушілері өнімді шетелдік нарыққа экспорттау кезінде неғұрлым қолайлы жағдайларға ие болады, ал тұтыншуылар – қауіпсіз, сапалы әрі қымбат емес тауар алады», – деді Виктор Назаренко.​