Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу және олардың төленуіне бақылау жасау жөнінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады

ЕЭК Кеңесі тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу және олардың төленуіне бақылау жасау жөнінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады

01.10.2019

30 қыркүйекте Ереванда (Армения) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтері басшылары орынбасарларының және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы болып өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі, интеграция, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу, халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО елдері экономикасын цифрландыру, салық саясаты және басқа бірқатар сала бойынша мәселелерді қарады.

ЕЭК Кеңесі Тауарлар экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібі мен олардың төленуін бақылау механизмі туралы хаттамаға өзгерістерді мақұлдады (ЕАЭО туралы шартқа № 18 қосымша).

 

Түзетулер Одақтың 2016 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша шегі Ресейде жұмыс істейтін кедендік шекара учаскесіне толық немесе ішінара тап келетін еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақ аумағына басқа мүше мемлекеттің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеу мүмкіндігін күнтізбелік 180 күнге дейін кейінге қалдыра тұруды көздейді.

 

Мұндай өзгерістерді енгізу Одақтың және ЕАЭО-ға кірмейтін мемлекеттердің тауарларына қатысты ҚҚС алудың тең жағдайларына қол жеткізу үшін қажет.

 

Құжат мемлекетішілік келісу жүргізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады.

 

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою барысы туралы ақпаратты тыңдады. Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп ішкі нарықта 56 тосқауылды анықтады және 37-сін жойды, олардың сегізі – 2019 жылдың басынан бері.

 

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және ЕАЭО БКТ-ға матаның жекелеген түрлеріне арналған өзгерістер енгізді. Матаның бұл түрлеріне кедендік баж уақытша негізде 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығына дейін 10%-дан 0%-ға дейін азайтылды. Бұл шешім Ресейдің бастамасын қарау қорытындылары бойынша қабылданды. Оны іске асыру барысында ЕАЭО елдерінің тігін кәсіпорындарын қолдау және одан әрі дамыту қамтамасыз етіледі. Бұл ретте шығарылатын өнімге деген сұраныстың тұрақтылығына және кәсіпорынның экономикалық жағдайына байланысты өндіріс тиімділігін арттырудың өздері үшін қолайлы құралдарын қолданатын болады. Мысалы, босатылған ақша қаражатын өнімнің қосымша көлемін шығару, өндірісті сақтау және дамыту, оның рентабельділігін арттыру, қосымша пайда алу және басқалар үшін пайдалану.

 

ЕЭК Кеңесі іштен жану қозғалтқыштарының жекелеген түрлеріне арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының қолданылу мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, бұл Беларусьтің ұсынысын қарау қорытындылары бойынша мүмкін болды. Сөз ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарын жинау үшін қысудан тұтанатын, қуаты кем дегенде 500 кВт, қозғалтқыш цилиндрінің жұмыс көлемі 18 500 см3 (ЕАЭО СЭҚ ТН 8408 20 990 4 коды) піспекті қозғалтқыштар туралы болып отыр. Мұндай шара БелАЗ карьерлік техникасының тұтынушыларына Одақтың ішкі нарығында жүкті өзі түсіргіштерді бүгінгі таңда Одақта оның аналогтары шығарылмайтын импорттық қозғалтқыштардың арзандатылуы есебінен неғұрлым төмен бағалармен сатып алуға мүмкіндік береді ​