Жүйеге кіру
ЕЭК құрамында бағалы металдар болатын аффинаждың шикізатына қатысты бажды үш жылға нөлге түсірді

ЕЭК құрамында бағалы металдар болатын аффинаждың шикізатына қатысты бажды үш жылға нөлге түсірді

IMG00259.jpg
01.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 1 наурызда құрамында бағалы металдар мен олардың қосылыстары бар шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын 0%-ға дейін азайтуға шешім қабылдады. Шешім үш жыл мерзімге мақұлданды. Бүгінде тиісті баждар кедендік құннан 3%-дан 15%-ға дейін құрайды.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтағы бағалы металдар нарығында аффинажды кәсіпорындардың қуаттарын жүктеу үшін шикізат көздері жеткіліксіз. Қабылданған шешім ЕАЭО мемлекеттеріндегі өндірістің жүктелу деңгейін көтеруге, сондай-ақ салық түсімдерін арттыруға тиіс.

 

 «Тарифтік шараны енгізу аффинажды және зергерлік өндірістің жаңа технологияларына, еңбек қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестицияларды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға ықпал ететін болады», — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев.

 

Құжаттың күшіне енуі Комиссия Кеңесінің ЕАЭО СЭҚ ТН енгізілген өзгерістерді ескеретін шешімінің күшіне ену күнімен қадамдастырылған.

 

Анықтама

 

ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы шикізат тапшылығын ескере отырып, бұған дейін де тауарлардың кейбір түрлері үшін 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта және 2018 жылғы 24 маусымнан бастап 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкасы қолданылды.​