Жүйеге кіру
Титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу бажы үш жыл мерзімге 0%-ға дейін азайтылды

Титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу бажы үш жыл мерзімге 0%-ға дейін азайтылды

IMG00259.jpg
01.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 1 наурызда титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын үш жыл мерзімге 5%-дан 0%-ға дейін азайту туралы шешім қабылдады.

Титан сынықтары құймалар мен қаңылтақтар өндірісі кезінде қайталама шикізат ретінде қолданылады. Оны пайдалану процесті арзандатады әрі тездетеді, сондай-ақ өнімді шығаруды өсіруге мүмкіндік береді.

 

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қалдықтар мен сынықтарды негізгі тұтынушылар: «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (Қазақстан Республикасы) пен «ВСМПО-АВИСМА» корпорациясы» ЖарАҚ (Ресей Федерациясы) болып табылады.

 

Бұл компаниялар титан өнімінің авиағарыш секторының қажеттігі үшін экспорттық жеткізілімдерінде маңызды үлеске ие. Өз кезегінде, титаннан жасалған бұйымдарды шетелдердегі тұтынушыларда оны өңдеу нәтижесінде алынған көп мөлшердегі қалдықтар жинақталып қалды.

 

«Одақ кәсіпорындары өз өндірісіне тарту үшін титанның қалдықтары мен сынықтарын сатып алуға дайын. Сөйтіп, ұсынылған шара дайын өнім шығаруды арттыруға және оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін өсіруге ықпал ететін болады», — деп түсіндірме берді ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

 

Құжат ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

 

Анықтама

 

ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 89 шешіміне сәйкес титан қалдықтары мен сынықтарына қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылды.​