Жүйеге кіру
ЕЭК тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында ұлттық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды бекітті

ЕЭК тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында ұлттық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды бекітті

IMG00259.jpg
01.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 1 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында ұлттық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды бекітті.

Құжат Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру мақсатында дайындалған. Ол тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық бағдарламалардың әзірлеу алгоритмін, құрылымын, мақсаты, міндеттерін, нысаналы индикаторлары мен олардың тиімділік көрсеткіштерін айқындайды.

 

Атап айтқанда, ЕАЭО елдеріне трансшекаралық тұтынушылық дауларын шешу кезінде тең құқықты қамтамасыз ететін, жосықсыз іскерлік практиканы бодырмайтын, толық әрі дұрыс ақпаратпен сапалы және қауіпсіз тауарларға қол жеткізуге кепілдік беретін іс-шараларды көздеу ұсынылады. Бұл іс-шаралар халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының тұтынушылық құқықтарын қорғауды ескеруге, ұтымды тұтыну қағидаттарын ілгерілетуге ықпал етуге, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне жәрдемдесуге тиіс.


Комиссия ұсынған іс-қимылдар мен шешімдер кешені Одақ елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында стратегиялық жоспарлау құжаттарын дайындауы кезінде нұсқаулық болады.​