Жүйеге кіру
Тимур Жақсылықов: «ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – интеграциялық өзара іс-қимылдың басымдығы»

Тимур Жақсылықов: «ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – интеграциялық өзара іс-қимылдың басымдығы»

a9a0008f-336d-430c-bb32-a7571486a4bc.jpg
01.02.2021

Федерация Кеңесінде өткен дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақтағы қаржылық-экономикалық егемендікті қамтамасыз ету және ақша айналысы жүйесін қорғау туралы айтып берді.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің сөзінше, коронавирус пандемиясына байланысты жаһандық дағдарыс жағдайында өңірлік интеграция мемлекеттердің орнықты дамуына ықпал ететін шынайы фактор болады. Ол Одақ мемлекеттерінің интеграциялық өзара іс-қимылы басымдықтарының бірі — ортақ қаржы нарығын қалыптастыру болып табылатынын атап өтті. Оны құру бизнес пен халық үшін қаржылық өнімдерге және ресурстарға кеңінен қол жеткізу жағдайын жасайды, өзара рұқсат беру бойынша шектеу тосқауылдарын алып тастауға мүмкіндік береді, қаржылық қызметтер көрсету нарығында бәсекелестікті арттырады, қаржылық реттеушілердің өзара іс-қимылын жетілдіреді және инвесторлар мен қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушыларды тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.

«Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың түйінді бағыттарының бірі — ЕАЭО-ның жалпы биржалық кеңістігін құру болып табылады. Ол ЕАЭО мемлекеттерінің өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастығын елеулі кеңейтуге мүмкіндік береді, эмитенттердің трансшекаралық белсенділігін, инвестициялық және халық үшін жинақтау мүмкіндігін арттырады әрі Одақ мемлекеттерінің қаржы нарықтарының дамуы үшін катализатор қызметін атқарады», — деп атап көрсетті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі.

Тимур Жақсылықов жалпы биржалық кеңістік қалыптастыруды жандандыру үшін ЕАЭО-ның бір мемлекетінің брокерлері мен дилерлерін басқа мемлекеттердің биржаларындағы ұйымдастырылған сауда-саттыққа жіберу туралы келісім жобасы әзірленгенін еске салды. «Келісімде ұлттық биржаларға Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары брокерлер мен дилерлерге берген лицензияларды тану құқығы және олардың бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарын сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін сауда-саттыққа тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету ұсынылады», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Бұдан басқа, ЕАЭО-да бағалы қағаздар шығаруды өзара тану және оларды биржаға рұқсат ету жөніндегі рәсімдерді үндестіру үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі ұйымдастырылған сауда-саттықтарда бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысына өзара рұқсат ету туралы келісім жобасы әзірленді. «Құжат жоғары санаттағы баға белгіленім тізімінен бағалы қағаздарды басқа мемлекеттердің ұйымдастырылған сауда-саттықтарында орналастыруға және айналысына өзара рұқсат беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалпы биржалық кеңістікте бағалы қағаздармен эмиссиялық және сауда операцияларының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап көрсетті Тимур Жақсылықов.

Қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін және әлеуетті қарыз алушының кредиттік тәуекелін бағалауды қамтамасыз ету үшін Кредиттік тарих құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісім жобасы әзірленді. «Оны іске асыру Одақ мемлекеттерінің резиденттеріне банкке кредиттік ресурстар үшін жүгінген кезде таң жағдайлар жасауға мүмкіндік береді және ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық кредиттеуді дамытуға ықпал етеді», – деп түйіндеді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі.​