Жүйеге кіру
ЕЭК «Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды үйлестіру» жұмыс тобының отырысы болып өтті

ЕЭК «Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды үйлестіру» жұмыс тобының отырысы болып өтті

01.02.2013

29-31 қаңтар күндері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаменті директорының орынбасары Борис Бокитьконың төрағалығымен «Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарды үйлестіру» жұмыс тобының жоспарлы отырысы болып өтті.

Топтың жұмысына Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің сарапшылары, сондай-ақ ЕЭК өкілдері, Ресей шырын өндірушілер одағының, Алкогольсіз сусындар өндірушілер Одағының, «Тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды, емдік және профилактикалық тағамдану өнімдерін шығарушылардың» коммерциялық емес серіктестігінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған тауарларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық Бірыңғай талаптардың ІІ тарауына өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасын бұқаралық талқылаудың нәтижелерін, соның ішінде өнеркәсіптік өңдеу үшін күнбағыс тұқымындағы кадмийді нормалау тұрғысындағы мәселелерді, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді қарады.

Жұмыс тобы өнеркәсіптік өңдеу үшін күнбағыс тұқымындағы кадмийді нормалауды жоюды көздейтін Бірыңғай санитарлық талаптарға өзгерістер енгізу жобасын мақұлдады. Бұл мәселені Тараптар қараған соң санитарлық шаралар бойынша ішкі комитеттің алда өткізілетін отырысында қаралатын болады.

Тараптардың сарапшылары балалардың денсаулығына аса қауіпті болатын полихлорлы бифенилдердің тағам өнімдерінің жекелеген топтарында (соның ішінде сүтте, жұмыртқада) құрамының рұқсат етілетін деңгейлерін бекіту туралы ортақ пікірге келді және мәселені шешу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізудің негізгі бағыттарын белгілеп алды.

Отырыстың қорытындысы бойынша сарапшылардың «Дезинфекциялық құралдарға қойылатын талаптар» Бірыңғай санитарлық талаптарының 20 бөлімінің жаңа редакциясына қатысты пікірлері едәуір жақындасты. Жобаны Тараптарға біржолата келісуге жіберу шешімі қабылданды.

Жұмыс тобының отырыс хаттамасы жақын уақытта ЕЭК-ға қаралған мәселелер бойынша пікірлерді ұсыну үшін Тараптарға жолданатын болады.