Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мен мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жөніндегі консультациялық комитетінің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі кіші комитетінің кеңейтілген отырысы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мен мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жөніндегі консультациялық комитетінің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі кіші комитетінің кеңейтілген отырысы

2016 жылғы 29 шілдеде сағат 11.00-де Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мен мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жөніндегі консультациялық   комитетінің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі кіші комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Caterpillar компаниясы мен оның Ресейдегі ресми дилерлерінің Қазақстан нарығына өнімдер жеткізуден бас тарту жөніндегі іс-әрекеттеріне «Еуразиялық топ» ЖШС (Қазақстан) өтініші бойынша істің нәтижелерін қарау жоспарлануда. ЕЭК-ке өтінішті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жолдады.

Кеңеске Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің монополияға қарсы органдарының басшылары, дистрибьюторлар, дилерлер және Caterpillar компаниясының өнімдерін тұтынушылар шақырылады.

Кеңестің қорытындысы бойынша сағат 11.30-да Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов пен Федералдық монополияға қарсы қызмет басшысының орынбасары – Статс-хатшы Андрей Цариковский брифинг өткізеді. 

Баспасөзді аккредиттеу: e-mail: laura@eecommission.org, +7 926 6802010, +7 495 6692400 қос.5412 - Лаура Жүсіпбекова, abdimaulen@eecommission.org, +7 9647694944, +7 495 6692400(ішкі 5479) – Арман Әбдімәулен.

Өтетін орны: Мәскеу, Летниковская көшесі, 2-үй, 2-құрылыс, Алқа залы 1022 (10 қабат).