Жүйеге кіру
Жосықсызз бәсекелестіктен қорғау мәселелері бойынша Астанада өтетін мәжіліс

Жосықсызз бәсекелестіктен қорғау мәселелері бойынша Астанада өтетін мәжіліс

Әріптестікті дамыту әрі Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекеттері резиденттері - нарық субъектілері тарапынан жосықсыз бәсекелестік актілерінің шұғыл алдын алу және жою мәселелерін талқылау мақсатымен Еуразиялық экономикалық комиссия ЕЭК өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес ассоциациялары өкілдерінің қатысуымен Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырады.

 

 

Кеңесте ЕЭК-тің 2014 жылы бәсекелестік пен монополияларға қарсы реттеу саласындағы болашақ жұмысы туралы ақпарат беріледі және КО мен БЭК мемлекеттерінің нарық субъектілері тарапынан трансшекаралық нарықтарда жосықсыз бәсекелестік оқиғаларын болдырмау мәселелері талқыланады, одан бөлек Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Шарт жобасының «Бәсекелестік саясаты» бөлімін талқылау жоспарлануда.

 

2013 жылының желтоқсан айында Мәскеу қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Беларусь және Қазақстан Республикалары мен Ресей Федерациясы басшылары ЕЭК жосықсыз бәсекелестікке, бәсекелестерге қарсы келісімдер мен басымдылық жағдайын асыра пайдалануға тыйым салынған бөлігіндегі КО және БЭК мемлекеттерінің аймағында трансшекаралық нарықтарда бірыңғай бәсекелестік ережелерін сақтауын бақылау бойынша құзыреттерін табыстау туралы шешімге қол қойғанын естеріңізге саламыз.

 

Кеңес Астана қ., 2014 ж. 4 ақпан күні сағ. 10.00-де, «Изумрудты квартал» мәжіліс залында (Қонаев к., 8, А3, «Б» ғимараты, 26 қабат) өтеді.

 

Байланыстар: Гүлшекер Іздібаева

+7 (495)669 24 00 қос.5408,+7 985 847 34 64, 87017368677

gulsheker-i@yandex.ru