Жүйеге кіру
Еуразиялық әріптестіктің Бірінші Халықаралық форумы

Еуразиялық әріптестіктің Бірінші Халықаралық форумы

2016 жылғы 13-16 қазанда Ереванда Еуразиялық әріптестіктің Бірінші Халықаралық форумы өтеді.

Форум Еуразиялық экономикалық одақтың және Армения Үкіметінің атсалысуымен ұйымдастырылып отыр. Ол Еуразиялық одақ елдері, ТМД, БРИКС, ШЫҰ, Еуроодақ, АҚШ және басқа да елдер арасындағы тұрақты коммуникацияға, ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға арналған платформа болмақ.

Форумға қатысушылар арасында: Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, АҚШ-тың, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Үндістанның, Иранның, Грузияның, Францияның, Ұлыбританияның, Германияның, Италияның және басқа да елдер үкіметтерінің, іскер және ғылыми топтарының өкілдері бар.

Форумның мақсаты сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық әлеуеті туралы хабардар болуды жоғарылату болып  табылады.​