Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жиырма алтыншы отырысы

Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының жиырма алтыншы отырысы

Күн тәртібі:

1. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыратын халықаралық шарттарды жүзеге асыру мақсатындағы құжаттарды әзірлеудің күнтізбелік жоспарына өзгерістер енгізу

Баяндамашы – Д.К. Ахметов

2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Кеден одағының және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттер мен Израиль мемлекеті арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімді жасаудың мақсатқа сай келу мәселесін зерттеу жөнінде бірлескен зерттеу тобын құру туралы» шешімінің жобасы туралы

3. Сауда шараларын жеңілдету бойынша  Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімінің жобасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынымдары туралы

4. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы

2-4-мәселелер бойынша баяндамашы – А.А. Слепнев

5. Санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды техникалық реттеу, қолдану бойынша  Консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы – В.Н. Корешков

6. Еуразиялық экономикалық комиссияға Кеден одағының және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ұсынылатын ресми статистикалық ақпараттардың статистикалық көрсеткіштерінің тізбесін бекіту туралы

Баяндамашы – Т.Д. Валовая