Жүйеге кіру
ЕЭК-те Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің өтініші бойынша консультациялар өтеді

ЕЭК-те Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің өтініші бойынша консультациялар өтеді

3 тамызда бейнеконференция режимінде қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара учаскесінде карантиндік фитосанитариялық бақылаудың күшін жоюға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өтеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 6 шешіміне сәйкес қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара учаскесінде карантиндік фитосанитариялық бақылаудың күші 2015 жылғы 18 қарашадан бастап жойылған болатын.

Қырғыз Республикасы бастамашылық жасаған  консультацияларға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және Еуразиялық экономикалық комиссияның мүдделі департаменттерінің өкілдері қатысады.