Жүйеге кіру
«Фарминдустриядағы және денсаулық сақтаудағы толассыз цифрлық экономикалық процестер туралы» сараптамалық тақырыптық сессиясы

«Фарминдустриядағы және денсаулық сақтаудағы толассыз цифрлық экономикалық процестер туралы» сараптамалық тақырыптық сессиясы

2016 жылғы 3 тамызда Ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасянның басшылығымен «Фарминдустриядағы және  денсаулық сақтаудағы толассыз цифрлық экономикалық процестер туралы» сараптамалық тақырыптық сессиясы болады. Іс-шара ЕАЭО-да цифрлы кеңістік қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде өтеді.

Сараптамалық тақырыптық сессияға атқарушы билік органдарының, уәкілетті ұйымдардың, мүше мемлекеттер бизнес-қауымдастығының өкілдері, ЕЭК-тің лауазымды адамдары мен қызметкерлері қатысады.

Өткізілетін орны және уақыты: Мәскеу қ., Смоленский бульвар 3/5-үй, 1-құрылыс, 408-кабинет.

Іс-шара сағат 11.00-де басталады (Мәскеу уақыты бойынша).