Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының он бесінші отырысы

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының он бесінші отырысы

Күн тәртібі:

1. Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше-мемлекеттерге әкелуге немесе шығаруға тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын, Бірыңғай тауарлар тізімінің 2.6 бөліміне өзгертулер енгізу туралы.

2. Мұнай газдарын, мұнайларды тазалауға арналған сепараторларды қоса алғанда, мұнай газдарын тазалауға арналған сепараторлар мен мұнайды тазалауға арналған сепараторларға қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифіне және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 18 қазанындағы № 815 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.

3. Кеден декларациясына Кеден одағының «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельді және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжат қоса берілетін өнімдердің тізбесіне өзгертулер енгізу туралы, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасын қабылдау туралы. 

4. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің тауарларымен сыртқы саудасының статистикалық ақпаратына қол жетімдікті қамтамасыз ету туралы.

1-4 сұрақтар бойынша баяндамашы – А.А. Слепнев

5. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша моторлы көлік құралының алдыңғы орындығын бекітетін жылжымаларды жіктеу туралы.

6. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша гидравликалық балғаны жіктеу туралы.

7. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша фургон типті көлік құралын жіктеу туралы.

8. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша көмірсутектердің жекелеген түрлерін жіктеу туралы.

9. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлық номенклатурасы бойынша жануарларға арналған жем қоспасын жіктеу туралы.

5-9 сұрақтар бойынша баяндамашы ‒ В.А. Гошин

10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 ж. 25 қазанындағы № 199 шешіміне өзгертулер енгізу туралы.

Баяндамашы ‒ Т.М. Сулейменов