Жүйеге кіру
Қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

Қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы

3 сәуірде Ереванда ЕЭК экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқасының Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанындағы Қаржылық нарықтар жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы өтеді.

Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының Консультативтік комитетінің және бизнес бірлестіктерінің мүшелері қатысады.

Отырыста Қаржылық нарықтарда іс-әрекетті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы Келісіммен және Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) қатысушы мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жобасымен, сондай-ақ, ЕЭО мүше мемлекеттерінің брокерлеріне және дилерлеріне ұлттық қаржылық биржаларға өзара кіру рұқсаты туралы келісіммен жұмыс барысын талқылау жоспарланып отыр.

Бұған қоса, Армения Республикасы Үкіметінің және Армения Республикасы Орталық банкінің 2014 жылдың 23 желтоқсанындағы капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қаржылық нарықтарда жағдайларды жасау мақсатында қаржылық саладағы ақпаратпен, соның ішінде, құпия ақпаратпен, алмасу туралы келісімге қосылуы туралы Хаттама көрсетіледі.

Отырыс барысында валюта айырбастау орындарының және төлемдік-есептік ұйымдардың қызметтері жататын қызметтер секторын анықтау мәселесі туралы Тараптардың көзқарастары, сондай-ақ, ЕЭО туралы Келісімнің ережелерін бақылау мақсатында Тараптардың қаржылық саладағы заңнамасын өзгерту мәселелері туралы ақпараттың форматы, құрамы және көлемі туралы деректер беріледі.

Отырыс қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) мүше мемлекеттерінде автоазаматтық жауапкершіліктің жаңа сақтандыру өнімін әзірлеудің жөнділігі мәселесі туралы үйлестірілген ұстанымды жасау жөніндегі Жұмыс тобының алдын ала нәтижелерін, сондай-ақ, ЕЭО мүше мемлекеттерінің сақтандыру сыйымдылығын жасаудың келешегі мен мүмкіндіктерін қарастырылады.

Қаржылық нарықтар жөніндегі комитет жанындағы ЕЭО территориясында валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының іс-әрекетінің нәтижелері талқыланады. ЕЭО мүше мемлекеттерінің несиелік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтермен алмасуға қатысты ағымдағы мәртебесі мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Отырысның соңында Қаржылық саясат департаментінің 2015-2016 ж.ж. ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің жоспарын талқылау жоспарланып отыр.​