Жүйеге кіру
«ЕЭО-та жеңіл өнеркәсіп саласын инновациялық дамытуды болжау және жүзеге асыру құралы ретіндегі технологиялық форсайт» дөңгелек үстелі

«ЕЭО-та жеңіл өнеркәсіп саласын инновациялық дамытуды болжау және жүзеге асыру құралы ретіндегі технологиялық форсайт» дөңгелек үстелі

3 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алаңында Өнеркәсіптік саясат департаменті ұйымдастырған, жалпы нарықтың потенциалын қолданып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-технологиялық болжауды «форсайтты» жүзеге асыруға ықтимал әдістемелік көзқарастарды талқылауға арналған дөңгелек үстелі өткізіледі.

Салалық «форсайттың» мақсаты - ЕЭО шеңберінде саланың даму басымдықтарын анықтау, мүмкін инновацияларды және технологиялық шешімдерді бағалау, технологиялық «жол карталарын» әзірлеу, алынған нәтижелерді ендіру және олардың тиімділігін бағалау.

Осы ғылыми-технологиялық болжамның қорытындылары бойынша ішкі және сыртқы нарықтағы ЕЭО шеңберіндегі жеңіл өнеркәсіптің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде келешегі бар және бәсекелестікке қабілетті бағыттары анықталады. Болжам саланың инновациялық дамуына септесетін ықтимал нарық тауашаларын және келешегі бар технологиялар мен технологиялық шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Болжамның нәтижелері бойынша саланы дамыту және бәсекелестікке қабілетті жоғары технологиялық өнімді өндіру үшін кооперациялық тізбектерді құру туралы сәйкес ұсыныстар жасалады.

Мұндай болжамның ЕЭО шеңберіндегі жоғары өзектілігін ЕЭО мүше мемлекеттерінің жеңіл өнеркәсібін дамыту іс-шараларының жоспарын құру жұмысының шеңберінде сарапшылар бірлестігі, сондай-ақ, елдердің мемлекеттік органдары көп рет растаған. Бұл жоспардың жобасы 2015 жылдың 7 сәуірінде өтетін ЕЭК Алқасы отырысының күн тәртібіне енгізілген.

Талқылауға ғылыми және салалық ұйымдардың, ірі консалтингтік агенттіктердің сарапшыларының кең тобы, сонымен бірге, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының, Экономиканың жоғарғы мектебі ұлттық зерттеу университетінің, СОЮЗЛЕГПРОМ, Беларусь Республикасының Экономика министрлігінің ғылыми-зерттеу экономикалық институтының, «Беллегпром» концернінің, Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «М. Котанян атындағы экономика институты» мемлекеттік коммерциялық емес ұйымының және ЕЭО мүше мемлекеттерінің сарапшылық ұйымдарының өкілдері қатысады.