Жүйеге кіру
«Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында бәсекелестіктің тепе-тең жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» дөңгелек үстелі

«Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында бәсекелестіктің тепе-тең жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» дөңгелек үстелі

2 қазанда Қостанай қаласында (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында бәсекелестіктің тепе-тең жағдайларын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Біртұтас экономикалық кеңістіктің (БЭК) тауар нарығындағы бәсекелестіктің тепе-тең жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін, трансшекаралық тауар нарықтарындағы, соның ішінде автомобильдердің түпнұсқа қосалқы бөлшектерін және толымдаушыларын өткізу нарығында, сонымен қатар электр энергетика және газбен жабдықтау нарығындағы   және бәсекелестік ережелерін бұзудың проблемалық мәселелерін қарайды. 

Іс-шараға КО мен БЭК мүше-елдердің атқарушы билік органдарының өкілдерінің, Беларусь Республикасының Ұлттық жиналысының, Қазақстан Республикасының Мәжіліс пен Сенат, Ресей Федерациясының Федерация кеңесі мен Федералды жиналыстың Мемлекеттік Думасы депутаттарының, КО мен БЭК мүше-елдердің ғылыми топ, бизнес-қауымдастық, сонымен қатар шетел бәсекелес ведомство өкілдерінің қатысуы ұйғарылады. 

Дөңгелек үстел шеңберінде ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың баспасөз-брифингін өткізу ұйғарылуда.

Іс-шараны өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Қостанай қ., Таран к-сі, 85 үй, Күмбезді зал.

Тілшілерді аккредиттеу 2014 ж. 30 қыркүйегінде сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі

Байланыс тұлғасы: ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрдің көмекшісі Гүлшекер Іздібаева. Ұялы тел.: +7 (985) 847-34-64, мейл: gulsheker-i@yandex.ru