Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жиырма бірінші отырысы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жиырма бірінші отырысы

1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық комиссияда таратылуы шектелген (құпия және қызмет бабында пайдалануға арналған) құжаттармен жұмыс жасау тәртібінің 3-тармағына өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысуымен байланысты кейбір мәселелер туралы» өкімінің жобасы туралы.

3. Тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы.

4. Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін болат құбырлардың кейбір түрлеріне қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 133 шешімінің күші жойылған деп тану туралы.

5. Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралардың 2016-2018 жылдарға арналған жоспарының жобасын мақұлдау туралы.

1-5-мәселелер бойынша баяндамашы – Никишина Вероника Олеговна

6. Өзіне қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының «Темекі өнімдеріне арналған техникалық регламент» (КО ТР 035/2014) техникалық регламенті талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекіту туралы.

Баяндамашы – Корешков Валерий Николаевич

7. Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметтер көрсетуіне қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №21 қосымша) өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы.

Баяндамашы – Ибраев Данил Тұрсынбекұлы

Алқаның 2016 жылғы 24 мамырдағы отырысынан кейінге қалдырылған мәселелер

8. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт жобасын дайындау туралы» өкімінің жобасы туралы.

9. Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы.

8-9-мәселелер бойынша баяндамашыҚадырқұлов Мұқай Асанұлы

10. Келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында ақпарат алмасу тәртібі туралы.

Баяндамашы – Валовая Татьяна Дмитриевна

11. Ерікті түрде қолдану нәтижесінде Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 033/2013) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін  мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ жүргізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті талаптарын қолдану және пайдалану, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы.

12. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

11-13-мәселелер бойынша баяндамашы – Корешков Валерий Николаевич

14. Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі консультативтік комитет туралы.

15. Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы туралы.

14-15-мәселелер бойынша баяндамашы – Минасян Карине Агасиевна

Алқаның 2016 жылғы 10 мамырдағы отырысынан кейінге қалдырылған мәселелер

16. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

17. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерге тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау және растау процесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету» ортақ процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асырған кезде ақпараттық өзара іс-қимылды реттейтін технологиялық құжаттар туралы.

18. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бір терезе»» тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2016 жылға арналған егжей-тегжейленген жоспар туралы» шешімінің жобасы туралы.

16-18-мәселелер бойынша баяндамашыҚадырқұлов Мұқай Асанұлы

Комиссия Алқасының 2016 жылғы 17 мамырдағы отырысынан кейінге қалдырылған мәселелер

19. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақтың ақпаратын криптографикалық қорғаудың мамандандырылған құралдарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі жобаны іске асыру туралы» өкімінің жобасы туралы» шешімінің жобасы туралы.

20. Уәкілетті сенім білдірілген үшінші тараптардың өзара іс-қимылы үшін пайдаланылатын криптографиялық стандарттар туралы.

21. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіндегі деректер беру арналарын қорғау үшін пайдаланылатын криптографикалық стандарттар туралы.

19-21-мәселелер бойынша баяндамашы – Минасян Карине Агасиевна

22. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы

23. Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы.

24. Өлшеудің референттік әдістемелері (әдістері) ретінде қабылданатын өлшеу әдістемелерін (әдістерін) аттестаттау тәртібін бекіту туралы.

22-24-мәселелер бойынша баяндамашы – Корешков Валерий Николаевич

25. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге қойылатын келісілген тәсілдемелер және ырықтандыру шараларын қолдану туралы келісім жобасы туралы» өкімінің жобасы туралы.

Баяндамашы – Сүлейменов Тимур Мұратұлы

26. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

БаяндамашыҚадырқұлов Мұқай Асанұлы

27. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне өзгерістер енгізу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы.

Комиссия Алқасының 2016 жылғы 1 наурыздағы отырысынан кейінге қалдырылған мәселе

28. Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ферросиликомарганцке қатысты демпингке  қарсы баждар енгізу арқылы демпингке қарсы шаралар қолдану туралы.

27-28-мәселелер бойынша баяндамашы – Никишина Вероника Олеговна