Жүйеге кіру
Кеден саласындағы жалпы процестер тұрғысында ЕЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша сараптамалық топтың сегізінші отырысы

Кеден саласындағы жалпы процестер тұрғысында ЕЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша сараптамалық топтың сегізінші отырысы

2 сәуірде Мәскеу қаласында Кедендік реттеу бойынша консультативтік комитеттің жанында құрылған кеден саласындағы жалпы процестер тұрғысында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша сараптамалық топтың 8-ші отырысы бейнеконференция режимінде өткізіледі.

Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының кеден органдарының өкілдері қатысады.

Алдағы отырыстың шеңберінде Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында ақпараттық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етумен байланысты Одақтағы бірқатар жалпы процестердің технологияларын тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелері қаралатын болады.