Жүйеге кіру
Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің сегізінші отырысы

Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің сегізінші отырысы

9 сәуір күні Мәскеуде Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі Алқаның мүшесі (Министр) Сергей Сидорскийдің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің 8-ші отырысы өтеді.

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының жобасы қарастырылады. Бұл құжат орташа мерзімді келешекке (5 жыл) есептелген жүйелік сипатқа ие. Оны қабылдау ЕЭО мүше мемлекеттерінің ғаламдық экономиканың заманауи қиындықтарын ескеріп, өнеркәсіп саласындағы өзара әрекеттесу стратегиясын анықтайды.

Сондай-ақ, Консультативтік комитеттің мүшелері Станоктарды құрастырудың Еуразиялық инжинирингтік орталығын жасау Концепциясының жобасын қарастырады. Бұл құжатта орталықтың мақсаттары, міндеттері, іс-әрекетінің негізгі бағыттары, оның құқықтық және ұйымдастырушылық түрлері анықталуы керек.

Бұған қоса, Комитеттің талқылауына ЕЭО мүше мемлекеттерінің станок құрастыру және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту және кооперацияны тереңдету туралы құжаттар бумасы шығарылады. Бұл ұсыныстарды Өнеркәсіптік саясат департаменті салалық жұмыс топтарымен бірлесіп, осы басым салалардың күйін және дамуын кешенді түрде талдау негізінде әзірлеген.