Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төртінші отырысы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төртінші отырысы

Күн тәртібі жобасы:

1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар тізімдемесіне және бастапқы үлгідегі акрил полимерлерінің жеке түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кеден тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешім жобасы туралы.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің банктері экспортты кредит беру кезінде ұлттық экспорттық-несиелік агенттіктерді полиспен қамтамасыз етуді қабылдауға байланысты мәселелер бойынша Келісім жобасын әзірлеу туралы" өкім жобасы туралы.

3. Баспаханалық өнеркәсіпте қолданылатын тауарлардың жеке түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кеден тарифі әкелу кеден бажының мөлшерлемесін орнату туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

1-3 мәселелер бойынша баяндамашы –Никишина Вероника Олеговна

4. Ветеринарлық бақылауға (қадағалау) жатқызылатын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптарға өзгерістер енгізу туралы

5. Кеден одағы Комиссияның 2011 ж. 7 сәуірдегі №607-шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4-5 мәселелер бойынша баяндамашы –Корешков Валерий Николаевич

6. Интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы үдерістің сыртқы және өзара саудасын жүзеге асырғанда өзара ақпараттық әрекетті реттейтін "Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттің аумағына уақытша әкелінген және осындай аумақтан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлігі құралдарын есептеу және бақылау кезінде ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету" технологиялық құжаттары туралы.

7. Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар тізімдемесі бойынша буын ішіне енгізуге арналған қондырымды классификациялау туралы.

6-7 мәселелер бойынша баяндамашы – Қадырқұлов Мұқай Асанұлы

8. Қаржы нарықтары жөніндегі Консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы.​​​

Баяндамашы – Сүлейменов Тимур Мұратұлы.