Жүйеге кіру
Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жиырма жетінші мәжілісі

Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жиырма жетінші мәжілісі

Жоба күн тәртібінде:
 

1. «2015 – 2016 жылдардағы Еуразия экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінде макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар тізімі туралы» Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің өкім жобасы туралы.

Баяндамашы – Валовая Татьяна Дмитриевна

2. «Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасын қайта жетілдіру бойынша әдістері туралы Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің өкім жобасы туралы «Еркін кедендік аймақтағы кедендік процедураға жататын шет ел тауарлары қолданылатын шығарылған (алынған) тауарларды немесе еркін қоймасының кедендік процедурасын, Еуразия экономикалық одақ тауарын тану үшін өндірістік және технологиялық әрекеттер, шарттар тізімін бекіту туралы».

3. «Кедендік одағының кедендік шекарасы арқылы жеке қолдануға арналған тауарларды жеке тұлғалармен тасымалдау реті және 2010 жылдың 18 маусымынан бастап олардың шығарылуымен байланысты кедендік әрекеттерді жүзеге асыру туралы Келісімге өзгерістер енгізу бойынша Хаттамалар жобалары туралы» Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің өкім жобасы туралы.

4. «Кедендік өкілдердің жалпы реестрін қалыптастыру, жүргізу және қолдану» жалпы үдерістің сыртқы және өзара сауда, біріккен, ақпараттық жүйесінің құралдарын жүзеге асыруға тиісті ақпараттық өзара әрекеттестікті регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы.

5. Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық әрекетінің бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша кәсіби монтаждау көбігіне арналған пистолетті классификациялау туралы.

6. Еуразия экономикалық одағының сыртқы экономикалық әрекетінің бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша гемодиализге арналған жеке су ерітінділерін классификациялау туралы.

7. Тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін кейінге қалдырылған процедурасын қолдану Ретін бекіту туралы.

8. Еуразия экономикалық одақ Кедендік Кодексінің жобасын енгізумен байланысты жұмыс барысы туралы.

9. Кедендік одақ Комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

2-9 сұрақтар бойынша баяндамашы - Гошин Владимир Анатольевич

10. «Материалдық-техникалық жабдықтау және өсімдіктер карантині (фитосанитарлық бақылау бекеттері) бойынша бекеттерді жайғастыру және Кедендік одағының сыртқы шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде жүзеге асатын шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, ветеринарлық, карантиндік фитосанитарлық және транспорттық бақылауын ұйымдастыруға қажетті ғимараттардың, үй-жайлардың материалдық-техникалық жабдықталуына тиісті Бірыңғай типтік талаптарға өзгерістер енгізу туралы Талаптарды бекіту туралы» Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасы туралы.

11. «Еуразия экономикалық одақ төңірегіндегі міндетті талаптар орнатылатын қатынасында өнімдердің бірыңғай тізімін қалыптастыру және жүргізу Реті туралы» Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасы туралы.

12. «Еуразия экономикалық одағының бірыңғай карантинді объектілер тізімін бекіту туралы» Еуразия экономикалық комиссия Кеңесінің шешім жобасы туралы.

13. Еуразия экономикалық одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай реестрін қалыптастыру және жүргізу Ретін бекіту туралы.

14. Еуразия экономикалық одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай түпнұсқасын және Еуразия экономикалық одағының техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын өнімнің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ресімдеу Ережелерін бекіту туралы.

15. «Құрамында май бар өнімдеріне техникалық регламент» (ТР КО 024/2011) Кедендік одағының техникалық регламентіне өзгерістер әрекет етуіне тиісті енгізу реті туралы.

16. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға Бірыңғай санитарлық- эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар II тарауының 22 бөліміне өзгерістер енгізу туралы.

17. 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Еуразия экономикалық комиссия Алқасының № 290 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

10-17 сұрақтар бойынша баяндамашы ‒ Корешков Валерий Николаевич

18. «Еуразия экономикалық одағының кедендік аумағында тасымалданатын тауарлардың шығарылатынын растайтын үйлестірілген жүйесі бойынша Келісім жобасы туралы» Еуразия экономикалық комиссия Алқасының шешім жобасын реттейтін ықпалын бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы.

Баяндамашы – Сүлейменов Тимур Мұратұлы