Бағыт бойынша:
Об итогах внешней и взаимной торговли товарами Таможенного союза в январе-июне 2012 г.
28 августа 2012 |
Таможенно-тарифное регулирование
По оперативным данным объем внешней торговли товарами государств – членов Таможенного союза за январь-июнь 2012 г. составил 459,6 млрд. долларов США, в том числе экспорт – 302,9 млрд. долларов США, импорт – 156,7 млрд. долларов США. Стоимостной объем экспорта по сравнению с январем-июнем 2011 г. в текущих ценах увеличился на 9,7%, или на 26,9 млрд. долларов США, импорта – на 4,8%, или на 7,2 млрд. долларов США.
Мұнай және мұнай өнімдерін сату бірыңғай биржалық кеңістік шеңберінде өткізілетін болады
22 наурыз 2017
|
Энергетика және инфрақұрылым
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысында әзірленіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру бағдарламасы шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерінің биржалық саудасын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мұнай-газ компаниялары мен ғылыми мекемелердің өкілдері қатысты.
ЕЭК ЕАЭО халықаралық автомобиль көлігімен тасымалдаудағы кедергілерді жоюмен жұмыс жүргізуде
16 наурыз 2017
|
Энергетика және инфрақұрылым
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында автомобиль көлігі жөніндегі кіші комитеттің 15-отырысы болып өтті. ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Максим Асаулдың төрағалығымен өткен отырыс барысында кіші комитеттің мүшелері - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің уәкілетті органдарының, халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар және бизнес қоғамдастықтарының өкілдері – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі халықаралық автомобильмен тасымалдауды дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді талқылады.
ЕЭК ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында автомобильдік бақылауды жетілдіру мәселелерін талқыланды
14 наурыз 2017
|
Энергетика және инфрақұрылым
14 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау органдарының басшылары «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібінің» іске асырылу барысын талқылады. Құжат ЕАЭО мемлекеттерінен шығатын немесе олардың аумақтары арқылы транзитпен өтетін көлік құралдарын бақылаудың бірыңғай тәсілдемелерін айқындады. Отырыс барысында ақпараттық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері де әңгіме болды, бақылау органдары алмасатын, берілетін деректер сапасын жақсарту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар ЕАЭО елдеріндегі ОЭК энергия тиімділігін талқылады
06 наурыз 2017
|
Энергетика және инфрақұрылым
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Адамкул Жунусовтың басшылығымен ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияда энергия қауіпсіздігі, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі және экология саласындағы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің отын-энергетикалық кешенінің жай-күйі талқыланды.
ЕАЭО пен ЖЖЭБ-нің ұштасуы нақты кескінге ие болып келеді: инфрақұрылымдық жобалардың тізімі келісілді
01 наурыз 2017
|
Энергетика және инфрақұрылым
Еуразиялық экономикалық комиссия басымды жобалардың
тізбесін қалыптастырды, оларды Еуразиялық экономикалық одақ елдері іске
асыратын болады және олар Жібек жолының Экономикалық белдеуін (ЖЖЭБ)
қалыптастыруға қолдау көрсетеді. Олардың 39-ы жаңа жолдар салуға және
қазіргі бар жолдарды жаңғыртуға, көлік-логистика орталықтарын құруға,
негізгі көліктік тораптарды дамытуға қатысты болып отыр. Бұл туралы
Женевада өткен БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссияның Ішкі көлік
жөніндегі комитетінің (БҰҰ ЕЭК ІКК) 70 жылдығына арналған мерейтойлық
іс-шаралар аясында ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаментінің
директоры Ержан Нұрахметов хабарлады.
Беттер: