Бет мазмұны
Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шаралары
Кеден одағының (әрі қарай – КО) сыртқы саудасын реттеудің ең маңызды элементі - ішкі нарықты шетелдік бәсекелестіктің жағымсыз әсерінен қорғау құралдарын қолдану болып табылады. Мұндай құралдарға, демпингтік, субсидияланатын немесе шет мемлекеттерден ұлғаймалы санда әкелінетін тауарлар импортының өнеркәсіпке келтіретін залалын тиімді түрде бейтараптандыру үшін халықаралық сауда тәжірибесінде қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шаралары жатады.
2011 жылғы 18 қазандағы Хаттамамен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса алғандағы 2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану туралы Келісім (бұдан әрі - Келісім) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын қолдану саласындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында (КО КА) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтем тергеулерін Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау Департаменті (тергеу жүргізуші орган) жүргізеді.
Тергеу өткізу туралы өтініштер Келісімнің талаптарына сәйкес, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының атынан тергеу жүргізуші органға ұсынылады.