Жүйеге кіру
Кудасов Антон Эдмундович

Кудасов Антон Эдмундович

Туған күні: 1971 жылғы 14 ақпан.

Білімі: 1993 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1993 – 1994 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің Сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу және үйлестіру басқармасының I-санатты маманы, жетекші маманы, Минск қ.

1994 – 1995 жылдары – Беларусь Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы Халықаралық экономикалық ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы, Минск қ.

1995 – 1996 жылдары – Беларусь Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары - Халықаралық экономикалық ұйымдармен жұмыс бөлімінің бастығы, Минск қ.

1996 – 1998 жылдары – Женева қаласындағы БҰҰ бөлімдері және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Беларусь Республикасының тұрақты өкілдігі.

1998 – 1999 жылдары – Беларусь Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы Халықаралық экономикалық ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы, Минск қ.

1999 – 2000 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, Көптарапты экономикалық ұйымдар басқармасының кеңесшісі, Минск қ..

2000 – 2002 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тарифтік реттеу және ДСҰ-мен жұмыс басқармасының ДСҰ-мен жұмыс бөлімінің бастығы, Минск қ.

2002 – 2003 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру департаментінің Дүниежүзілік сауда ұйымы бөлімінің бастығы, Минск қ.

2003 жылғы маусым-қыркүйек айларында – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Минск қ.

2003 – 2004 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру департаменті директорының орынбасары - Сыртқы экономикалық қызметті реттеу басқармасының бастығы, Минск қ.

2004 – 2006 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру бас басқармасы бастығының орынбасары – Сыртқы экономикалық қызметті реттеу басқармасының бастығы, Минск қ.

2006 – 2011 жылдары – Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық қызмет департаменті директорының орынбасары – Сыртқы сауда саясаты басқармасының бастығы, Минск қ.

2011 – 2016 жылдары – Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары, Минск қ.

2016 жылғы маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры, Мәскеу қ.

Француз, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Мемлекеттік наградалары: «За трудовые заслуги» медалі, I дәрежелі «За вклад в создание Евразийского экономического союза» медалі.