Жоғары қарай шарлау
Жүйеге кіру
Вероника Олеговна Никишина

Вероника Олеговна Никишина

Сауда жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр)

1968 жылғы 29 сәуірде туған.

1991 жылы Д.И. Менделеев атындағы Мәскеу химия-технология институтын бітірген.  Экономика ғылымдарының кандидаты, «Қазіргі заманғы жағдайда Ресей тауарларының шетелдік нарықтарға қолжетімділігін басқару» тақырыбы бойынша диссертация қорғаған.

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  1999-2014 жылдары Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, Ресейдің ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі Ресей келіссөздері делегациясы басшысының орынбасары бола жүріп, Америка елдері департаментіне және Сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру, дамыту және реттеу департаментіне басшылық жасады.

2015 жылғы қаңтардан бастап 2016 жылғы қаңтарға дейін Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2016 жылғы 1 ақпаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр).​