Жүйеге кіру
Ереже 5
Ереже 5 

Төменде аталған тауарларға қатысты жоғарыда аталған ережелерге толықтыру ретінде мынадай ережелер қолданылуы тиіс:

а) фотоаппараттарға, музыкалық аспаптарға, мылтықтарға, сызу керек-жарақтарына, алқаларға арналған тысқаптар мен футлярлар, сондай-ақ ұзақ пайдалану үшін жарамды және оның өзіне арналған бұйымдармен бірге ұсынылатын тиісті бұйымдарды немесе бұйымдар жинақталымын орналастыру үшін арнайы нысаны бар ұқсас ыдыс, егер ыдыстың осындай түрі әдетте сатуға арналған бұйымдармен бірге түссе, олар да қапталған бұйымдармен бірге жіктелуге тиіс. Алайда, осы Ереже оралған бұйыммен біртұтас бүтінді құрай отырып, соңғыға негізгі қасиет беретін ыдысқа қолданылмайды;

б) жоғарыда келтірілген Ереженің 5 (а) талабына сәйкес өзіндегі тауарлармен бірге ұсынылатын орама материалдар және ыдыстар, егер олар әдетте осы тауарлардың орамасы үшін пайдаланылатындай түрде болса, бірге жіктелуге тиіс. Алайда, егер осындай орама материалдар немесе ыдыстар қайта пайдалану үшін жарамды болса, бұл ереже міндетті болып табылмайды.​