Жүйеге кіру
Ереже 3
 Ереже 3 

Егер 2 (б) Ережеге байланысты немесе қандай да бір басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екі немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкіндігі болса, мұндай тауарларды жіктеу мынадай үлгіде жүзеге асырылады:

а) артықшылық, неғұрлым ортақ сипаттамасы бар тауар позициясымен салыстырғанда, неғұрлым нақты сипаттаманы қамтитын тауар позициясына беріледі. Алайда, екі немесе одан да көп тауар позициясының әрқайсысының қоспалардың немесе көп бөлікті бұйымдардың құрамына кіретін материалдардың немесе заттардың бөліктеріне ғана немесе бөлшек саудаға арналып ұсынылған тауарлардың бөлігіне ғана қатысы болса, онда осы тауар позициялары, тіпті олардың біреуі тауардың неғұрлым толық немесе дәл сипаттамасын берсе де, осы тауарға қатысы бойынша тең мәнді ретінде қарастырылуы тиіс;

б) әртүрлі материалдардан тұратын немесе әртүрлі бөліктерден дайындалатын қоспалар, көп бөлікті бұйымдар, және оларды жіктеу 3 (а) Ереженің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бөлшек саудаға арналған жинақталымдарда ұсынылған тауарлар, осы өлшемнің қолданылуы шартымен, осы тауарларға негізгі қасиет беретін материал немесе құрамдас бөлік бойынша жіктелуі тиіс;

в) жіктелуі Ереженің 3 (а) немесе 3 (б) талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын тауарлар осы тауарларды жіктеу кезінде қарау үшін тең дәрежеде қолайлы тауар позициялары арасында кодтардың өсу тәртібіндегі соңғы тауар позициясында жіктелуі тиіс.​​