Жүйеге кіру
Ереже 2
Ереже 2 
 
а) тауар позициясы атауындағы қандай да бір тауарға кез келген сілтеме, жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жинақталымды емес немесе аяқталған тауардың негізгі қасиеттеріне ие болуы шартымен жинақталымды емес немесе аяқталмаған түрдегі осындай тауарға сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жинақталымды немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге байланысты жинақталымды немесе аяқталған түрде жіктелетін) сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс;

б) тауар позициясы атауындағы қандай да бір материалға немесе затқа кез келген сілтеме осы материалдың немесе заттардың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосылыстарына сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сілтеме толық немесе ішінара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Бірден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жіктеу 3-ереженің​ талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
​​