Жүйеге кіру
Кедендік реттеу жөніндегі консультациялық комитет туралы ақпарат

Кедендік реттеу жөніндегі консультациялық комитет туралы ақпарат

 
 
  
Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаментінің директоры Д.В. Некрасов пен Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры В.Ю. Скиба Консультативтік комитет Төрағасының орынбасарлары болып табылады.
 
 
Консультативтік комитеттің жауапты Хатшысы – Кедендік ынтымақтастық бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Хатшылығының кеңесшісі М.Е.Романова.
  
 
Сонымен қатар, Консультативтік комитеттің жанында үш ел үшін қызығушылық тудыратын нақты мәселелер талқыланатын мемлекеттік органдардың, және бизнестің өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылатын жұмыс топтары құрылуда.
 
Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті органдарымен және бизнес өкілдерімен консультациялар өткізудің мақсаты – кедендік әкімшілендіруді жақсарту, кеден ережелері белгіленгенде өндірушілер, сауда және көліктің мүдделерінің есепке алынуына, аса озық кедендік технологиялардың енгізілуіне мүмкіндік туғызады.
 
Консультативтік комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ та жарты жылда бір реттен кем емес өткізілуге тиіс болады деп көзделген.​
 
 
 

 
 
​​​​