Жүйеге кіру
Кедендік төлемдер, кедендік құн және тауар шығарылған ел

Кедендік төлемдер, кедендік құн және тауар шығарылған ел

 
 

Кедендік төлемдер

 

Кеден одағының кеден аумағы арқылы тауарларды өткізу кезінде  кедендік төлемдерді қолданудың базалық мәселелері Кеден одағының Кеден кодексімен белгіленген, сонымен де кедендік төлемдердің жіктеуі келтіріледі, оларды есептеудің тәртібі бекітіледі, кедендік төлемдерді төлеушілер, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу бойынша міндеттер туындайтын және тоқтатылатын сәттер анықталады, оларды төлеудің мерзімдері белгіленеді, кедендік төлемдер төленуін қамтамасыз етудің жалпы мәселелері, мәлімденген кедендік рәсімдерге сай, кедендік төлемдерді қолданудың ерекшеліктері регламенттеледі.

 
 

  Кедендік әкелім баждарын төлеудің мерзімдерін өзгерту мәселелері, 2010 жылғы 21 мамырдағы кедендік төлемдерді төлеудің негіздері, шарттары мен мерзімдерін өзгерту тәртібі туралы Келісімнің нормаларымен реттеледі.

 
 
 

  Кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданудың  ерекшеліктері Кеден транзиті бойынша кедендік рәсімдерге сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берудің кейбір мәселелері, сондай тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және сондай тауарлар жайында өндірілген сомаларды  аудару туралы 2010 жылғы 21 мамырдағы Келісіммен белгіленген.

 

Сонымен қатара, кедендік төлемдер, салықтарды төлеудің нысандарын анықтау, кедендік баждар, салықтардың төленуіне бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, Кеден одағының Кеден кодексімен бекітілген кедендік баждар, салықтар төленуін қамтамасыз ету тәсілдері , артық төленген кедендік баждарды, салықтарды қайтару тәртібі, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу тәртібі сияқты бірқатар мәселелер  Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен реттеліп отырады.

  
 

Кеден одағының Кеден кодексінің 70 бабына сәйкес, кедендік төлемдерге мыналар жатады:

 
 
 

1) кедендік әкелім бажы; 

2) кедендік әкетілім бажы;
3) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;
4) кедендік одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар. 

 

Аталған төлемдер әртекті, соның салдарынан құқықтық реттеудің маңызды ерекшеліктерін иеленеді.

 

Кедендік әкелім баждары.

 

Кеден бажы - тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізуге байланысты кеден органымен өндіріліп алынатын міндетті төлем бола тұра (КО КК 4 бабы 1 тармағы 25 тармақшасы), сыртқы сауда қызметін тарифтік реттеудің құралы болып табылады. Кеден одағының қызмет етуі жағдайында үшінші бір елдермен жасалатын сыртқы сауданы реттеудің бірыңғай шаралары мен Бірыңғай кедендік тарифі белгіленеді және қолданылады (2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағын құру және бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру туралы Шарт).

 

         Кедендік әкелім баждарын  белгілеу және есептеудің, сонымен қатар, тарифтік жеңілдіктерді анықтау мен қолданудың құқықтық аспектілері, Бірыңғай кеден тарифін қалыптастыру тәртібі, кедендік әкелім баждарының түрлері,  тарифтік жеңілдіктердің (төлеуден босату немесе ставканы төмендету түрінде) қолданылуы, кедендік әкелім баждарын төлеуден босату жағдайлары, тауар шығарылған еліне қарай бекітілген баж ставкаларын қолдану тәртібі белгіленген 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Келісіммен  реттеліп отырады. 

 

  Бірыңғай кедендік тариф үшінші елдерден бірыңғай кеден аумағына әкелінетін, Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасына (КО СЭҚ ТН) сәйкес жүйелендірген, кедендік баж ставкаларының жиынтығын білдіреді.  

 

 Кедендік әкелім баждарының ставкаларын Комиссия белгілейді. Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 Шешімімен бекітілген кедендік әкелім баждарының ставкалары қолданылады.  

 

Бірыңғай кедендік тарифте кедендік әкелім баждарының мына мөлшерлеме түрлері қолданылады: 

 

1) адвалорлық, баж салынатын тауарлардың кеден құнының пайызы есебімен есептеледі; 

2) арнайы, баж салынатын тауардың бірлігі үшін есептеледі; 

3) аралас, яғни адвалорлық және арнайы түрлерді үйлестіретін. 

 

         Кедендік әкелім баждарының ставкаларын қолдану тауар шығарылған елге байланысты болады. 

 

  Осылай, Кеден одағында тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесі қолданылады. Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдердің тізбелері мен бірыңғай кеден аумағына әкелгенде тарифтік преференциялар ұсынылатын дамыған елдер мен дамушы елдерден шығатын тауарлардың тізбесін Комиссия анықтайды (Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» № 130 Шешімі). 

 

  Осындай тізбеге енгізілген және Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифтің кедендік әкелім баждары ставкаларының 75 пайызы мөлшерінде кедендік әкелім баждарының  ставкалары қолданылады. 

 

Осындай тізбеге енгізілген және Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифтің кедендік әкелім баждары ставкаларының нөлдік ставкалары қолданылады. 

 

Төлеуге жататын кедендік баждардың сомасы, кедендік бажды есептеуге арналған базаны және кедендік баж ставкасының тиісті түрін қолдану жолымен анықталады (КО КК 76 бабы). Осылайша, төлеуге жататын кеден бажының мөлшерін дұрыс анықтау үшін тауарларды дұрыс жіктеу, тауар шығарылған елді дұрыс анықтау, кедендік бажды - кедендік құнды және (немесе) тауардың өзге де сипаттамаларын есептеу үшін базаны шынайы анықтау  өте маңызды болып табылады. 

 

Тарифтік жеңілдіктер кедендік әкелім бажын  төлеуден босату немесе кедендік әкелім бажының  ставкасын төмендету түрінде қолданылады. 

         Тарифтік жеңілдіктердің қолданылуы 2008 жылғы Бірыңғай кедендік-тарифтік   реттеу туралы Келісімнің 5 және 6 тармақтарының ережелерімен реттеледі.

 

         2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік жеңілдіктер ұсыну туралы Хаттамада 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік   реттеу туралы Келісіммен көзделмеген жағдайларда тарифтік жеңілдіктер беру туралы шешімді Комиссия қабылдайтыны белгіленген. Мұндай тарифтік жеңілдіктер Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы» № 130 Шешімімен бекітілген. 

 

          Кедендік әкелім баждарын төлеу тәртібі 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелім баждарын  есепке жатқызу және бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы Келісіммен белгіленген нормаларды ескере отырып, Кеден одағы кеден кодексінің 11 тарауымен реттеледі.

 
  

          Кедендік әкетілім баждары

 

Кедендік әкетілім баждары  ставкаларын белгілеу Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамалары деңгейіне жатқызылған. Кедендік әкетілім баждарын  есептеу және төлеу тәртібі Кеден одағының Кеден кодексімен реттеледі, ал Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлігі – Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен реттеледі. Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған әрі Беларусь Республикасынан әкетілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкетілім баждарын есептеу және төлеудің айрықша тәртібі белгіленген (2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасынан Кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарлардың жекелеген түрлерін әкету кезінде кедендік әкетілім баждарын (баламалы күші бар өзге баждарды, салықтарды және алымдарды) төлеудің және есепке жатқызудың тәртібі туралы Келісім).

 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің тиісті актілерімен кедендік әкетілім баждарының ставкалары тауарлардың КО СЭҚ ТН сәйкес жіктелуі тұрғысынан белгіленеді. Кедендік әкетілім баждары  салынатын тауарларға қатысты кеден баждарының адвалорлық, арнайы және аралас ставкалары қолданылады. Сәйкесінше, төлеуге жататын кедендік әкетілім баждары мөлшерінің дұрыс анықталуы тікелей түрде тауарлардың дұрыс жіктелуіне және де  кедендік бажды -кедендік құнды және (немесе) тауардың өзге де сипаттамаларын есептеуге  арналған базасын анық анықтауға байланысты болады.

 
 
 

         Акциздер, Қосылған құн салығы

 
 

          Акциздер мен ҚҚС белгілеу, енгізу және қолдану Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының нормаларымен реттеледі.

 
 

         Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамалық актілерімен салық ставкалары, салықтарды есептеуге арналған салық базасын анықтаудың тәртібі, салық жеңілдіктері, төленуге жататын салық сомаларын анықтау тәртіптері белгіленген.

 
 

         Сонымен қоса, мәлімдеу кеден рәсіміне сәйкес, салықтарды қолданудың ерекшеліктері Кеден одағының Кеден кодексімен реттеледі.

 
 

         Кеден алымдары

 

Кеден алымдары дегеніміз, тауар шығарумен, тауарларды кедендік сүйемелдеумен байланысты әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ Кеден одағының кеден кодексімен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген өзге де әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер.

 

Кедендік алымдардың түрлері мен ставкалары Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

 
 

Бұл ретте, кедендік алымдардың мөлшерлері кедендік алым белгіленуіне байланысты, әрекеттерді жасағаны үшін кеден органдарының шығындары шамаланған құнынан артық болмайды.

 

Кедендік алымдарды төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері, оларды есептеу, төлеу, қайтару (есепке алу) және өндіріп алудың тәртіптері   сонымен қатар, кедендік алымдар төленуге жатпайтын жағдайлар  Кеден одағының кеден кодексімен және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

 
 

Өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдер.

 
 

Кедендік төлемдерден басқа кеден органдары 2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдер жайында арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану туралы Келісімге сәйкес белгіленген арнаулы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды жүзеге асырады.  Мұндай баждар кеден баждарын өндіріп алуға арналған Кеден одағының кеден кодексімен көзделген тәртіппен өндіріп алынады. Бұл ретте, арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік баждарды төлеудің (өндіріп алудың), есепке жатқызудың, бөлу мен қайтарудың ерекшеліктері  2008 жылғы 25 қаңтардағы үшінші елдер жайында арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану туралы Келісімнің 28.1 бабымен белгіленген.

 
 

Кедендік төлемдерді, салықтарды Кеден одағының кеден кодексінде бекітілген мерзім ішінде төлемегенде немесе толық төлемегенде өсімпұл төленеді. Өсімпұлдарды есептеудің, төлеудің, өндіріп алудың және қайтарудың тәртібі кеден органы кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды өндіріп алуды жүзеге асырған Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.​

 
 

        Кедендік баждардың төленгені немесе бөліп төленгені үшін Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес, тауар шығарылған күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер төлеу жөніндегі міндеттер доғарылған күнге дейін төлеу мерзімі өзгертілген кедендік баждың сомасына пайыздар алынады. 


Тауарлардың кедендік құны

 Тауарлардың кедендік құны 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын анықтау туралы Келісіммен бекітілген кеден құнын анықтаудың әдістеріне сай анықталады.

 
Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу, декларантпен тауарларды кеден органына мәлімдегенде жүзеге асырылады. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу тәртібі, сонымен қатар, кедендік құнын мәлімдеу нысандары мен оларды толтыру ережелері Кеден одағы Комиссиясының 20.09.2010 ж. «Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу, бақылау және түзетудің тәртібі туралы» № 376 Шешімімен бекітілген.
 
 
Тауарлардың кедендік құнын бақылауды Кеден одағы Комиссиясының 20.09.2010 ж. «Тауарлардың кедендік құнын мәлімдеу, бақылау және түзетудің тәртібі туралы» № 376 Шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау Тәртібіне сәйкес кеден органы жүзеге асырады.
 

Тауарлардың кедендік құнына жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша кеден органы тауарлардың мәлімделген кедендік құнын қабылдау туралы не болмаса тауарлардың мәлімделген кедендік құнын түзету туралы шешім қабылдайды.

 

Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде кеден органы ол тауарлар шығарылғанға дейін кедендік құны туралы мәліметтер жалған екендігін білдіретін белгілер немесе мәлімделген мәліметтер расталмай шыққандығы жағдайларын анықтағанда, кеден органы Кеден одағы кеден кодексінің 69 бабына сәйкес қосымша тексеріс өткізеді.

 

Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құндары кеден органына тауарлардың кедендік мәлімделуі жүргізіп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес анықталады.

 
 

Тауар шығарылған ел

 
 

Тауар шығарылған ел Кеден одағының кедендік аумағына шетелдік тауарлардың әкелінуін және де Кеден одағының кедендік аумағынан тауарлардың әкетілуін реттеудің кедендік-тарифтік және тарифтік емес  шараларын қолдану мақсаттары үшін, және де сыртқы сауда статистикасында тауарлардың есепке алынуы мақсаттары үшін анықталады.

 

Тауар шығарылған елді анықтау кедендік-тарифтік және тарифтік емес  реттеу шараларын қолдану тауар шығарылған елге байланысты болған барлық жағдайларда жүргізіледі. Тауарлар шығарылған ел туралы негізгі ережелер Кеден одағы кеден кодексінің 7 Тарауында белгіленген. Осылайша, Кеден одағы кеден кодексінің 58 бабындағы 1 тармаққа сәйкес, Тауар толық өндірілген немесе кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген өлшемдерге сәйкес жеткілікті өңдеуге (қайта өңдеуге) ұшыраған ел тауарлардың шығарылған елі болып есептеледі.

 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағында үшінші бір елдерден шығарылған тауарлар жайында 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауар шығарылған елді анықтаудың бірыңғай ережелері туралы Келісіммен белгіленген Тауар шығарылған елді анықтау ережелері қолданылады.

 

Бұған қосылмайтындары, дамушы елдерден және аз дамыған елдерден, сонымен қатар Кеден одағына мүше мемлекеттер қатысушы болып табылатын еркін сауда туралы шарттары бар елдерден шығарылған тауарлар.

 

Осылайша, дамушы елдерден және аз дамыған елдерден келген тауарлардың шығарылған елдерін анықтаудың ережелері 2008 жылғы 12 желтоқсандағы дамушы елдерден және аз дамыған елдерден келген тауарлардың шығарылған елдерін анықтаудың ережелері туралы Келісіммен бекітілген.

 
Өз кезегінде  Кеден одағына мүше барлық мемлекеттер қатысушы болып табылатын еркін сауда туралы шарттары бар елдерден шығарылған тауарларға қатысты сол шартпен белгіленген тауар шығарылған елді анықтау ережелері қолданылады. Ондай шарттарға, мәселен, 2011 жылғы 18 қазандағы ерсін сауда аймағы туралы Шарт пен ТМД елдері қатысушы мемлекеттерінің Үкіметтерінің 20.11.2009 ж. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауар шығарылған елді анықтау ережелері туралы Келісім қатысты.
 
 

Кеден одағы кеден кодексінің 62 бабына сәйкес, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарына сәйкес тарифтік преференциялар ұсынылатын жағдайда тауарлардың шығарылған елін растайтын құжат ұсынылады. Мұндай құжаттар ретінде қолданыла алатындар – тауардың шығарылғаны туралы сертификат немесе тауардың шығарылғаны туралы декларация.

 

Бұл ретте, тауар шығарылған елді растайтын құжат мына жағдайларда:

 

1) егер кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар тауарлардың шығарылған елі тауарлары кеден органы кеден одағының кедендік заңнамасына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағының кедендік аумағына әкелуге немесе оның аумағы арқылы транзитіне тыйым салынған ел болып табылатын белгілері анықтаған жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық босатумен кедендік транзиттің кедендік рәсіміне немесе уақытша әкелу кедендік рәсіміне мәлімделген кезде;

 

2) егер жеке тұлғалар тауарларды осы Кодекстің 49-тарауына сәйкес кедендік шекара арқылы тасымалдаса​;

 

3) егер кедендік шекара арқылы өткізілетін, бір уақытта және бір тәсілмен, және бір жөнелтуші бір алушының атына жөнелткен тауарлардың жалпы кедендік құны Кеден одағының комиссиясы белгілеген сомадан аспаса; (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы «Тауарлардың шығарылған елін растау құжатын беру талап етілмейтін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құны туралы» № 254 Шешімі);

 

4) кеден одағының кедендік заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда талап етілмейді.