Жүйеге кіру
Владимиров Сергей Валентинович

Владимиров Сергей Валентинович

1969 жылы туған.

1991 жылы Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін бітірген.

1986 жылдан бастап 1995 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясының Қарулы күштерінде қызмет атқарды.

1995 жылдан бастап 2009 жылға дейін Чуваш кеденінде инспектордан бөлім бастығына дейінгі әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Ресей Федерациясы кеден қызметінің Қазақстан Республикасының кеден қызметі жанындағы Өкілдігінің бас маман-сарапшысынан басшысына дейінгі жолдан өтті.

2020 жылы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры болып тағайындалды.