Жүйеге кіру
Байсеркеев Бактыбек Закирович

Байсеркеев Бактыбек Закирович

1965 жылғы 14 қаңтарда Бішкекте туған.

1988 жылы Қырғыз «Құрмет белгісі» орденді К.И.Скрябин атындағы ауыл шаруашылық институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.

2005 – 2008 жылдары Ресей кеден академиясының кеден ісі факультетінде оқыды.

1995 жылы Қырғыз Республикасының кеден органдарына қызметке кірді.

1995 – 1997 жылдары – Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден инспекциясының Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас инспекторының міндетін атқарушы, бас инспекторы, бас инспектор-бастықтың орынбасары, Бішкек.

1997 – 2004 жылдары – «Жайыл» кеден бекетінің аға инспекторы, бас инспекторы, «Чалдовар» кеден бекетінің аға инспекторы, Қара-Балта кедені бастығының орынбасары, Қара-Балта.

2004 – 2007 жылдары – Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас инспекторы, Бішкек.

2007 – 2008 жылдары – Қара-Балта кеденінде бөлім бастығы, Қара-Балта.

2009 – 2011 жылдары Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден қызметінің жанындағы «Кеден қызметін жаңғырту және инфрақұрылымды дамыту» жобасын басқару Кеңсесінің кедендік рәсімдер жөніндегі маманы, Бішкек.

2011 – 2016 жылдары – Қырғыз Республикасының Үкіметі  жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кеден ісін ұйымдастыру Бас басқармасының Кедендік рәсімдердің әдіснама басқармасының бастығы, Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы Кеден ісінің перспективалы бағдарламалары бөлімінің бастығы, Бішкек.

2016 жылғы 3 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры.

Қырғызстан кеден қызметінің полковнигі.

Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы Өкімімен өз қызметтік міндеттерін адал орындағаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

Қырғыз Республикасының Үкіметі  жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің 2016 жылғы 30 тамыздағы бұйрығымен сіңірген ерекше еңбегі мен  Қырғыз Республикасының кеден қызметін дамыту мен жетілдіруге қосқан айрықша үлесі үшін «Қырғыз Республикасының кеден қызметіндегі сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен наградталды.

Қырғыз Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 тамыздағы Жарлығымен Қырғызстан халқының тарихи және мәдени мұрасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік және рухани әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, көпжылдық еңбегі үшін және Қырғызстан тәуелсіздігіне 25 жылдығы құрметіне орай мемлекеттік наградамен наградталды.