Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіКедендік ынтымақтастық
Ақматов Нұрлан Орозбаевич

Ақматов Нұрлан Орозбаевич

1972 жылғы 22 желтоқсанда туған.

1993 жылы К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген. 1998 жылы - Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық университетінің заң факультетін бітірді.

1995 жылы Қырғыз Республикасының кеден органдарына қызметке кірді. Қатардағы инспектордан бастап Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті.

1995 - 2002 жылдары инспектор, бас инспектор және кеден бекетінің бастығы лауазымдарында болды.


2002 - 2006 жылдар аралығында Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден қызметінің Кірістер басқармасын басқарды.

2006 - 2007 жылдары Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің (ҚР МКК) Кеден төлемдері және статистика бас басқармасын басқарды, ҚР МКК Төрағасының орынбасары лауазымында болды.

2007 - 2010 жылдар аралығында Қырғыз Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін басқарды.

2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта «Газпромнефть Азия» Бас директорының орынбасары болды.

2018 - 2019 жылдары – «Манас» Халықаралық әуежайы» ААҚ Басқармасының Төрағасы.

Қырғыз Республикасы Кеден қызметінің генерал-майоры.

Қырғыз Республикасының Құрмет грамотасымен және «Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы-экономикалық жұмыс үздігі» белгісімен наградталған.