Жүйеге кіру
Кушнарев Николай Геннадьевич

Кушнарев Николай Геннадьевич

1975 жылғы 26 наурызда Волгоград қаласында туған

1998 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын және 2001 жылы аспирантураны бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

1997 - 2013 жылдары – Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды (соның ішінде Ресей Федерациясының Индонезия Республикасындағы және Таиланд Корольдігіндегі Сауда өкілдіктерінде).

2013 - 2016 жылдары – Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары, директоры.

2016 жылғы тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

«Ресей Федерациясының Кұрметті машина жасаушысы» құрметті атағы бар.

Ресей Федерациясының ведомстволық наградаларымен марапатталған.