Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіӨнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Камалян Артак Каджикович

Камалян Артак Каджикович

1970 жылғы 9 мамырда туған.

1990 жылы К.Д. Глинка атындағы Воронеж ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген.

2000 жылы экономика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. 140-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың авторы.

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап Артак Камалян Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр).

Комиссияда қызметке тағайындалғанға дейін Артак Каджикович Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, сондай-ақ Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Армения Республикасының өкілін тағайындау туралы шешімді Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары 2019 жылғы 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қабылдады.