Жүйеге кіру
Ғылыми-зерттеу жұмыстар

Ғылыми-зерттеу жұмыстар

 

Еуразия экономикалық комиссияның Алқа төрағасының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 281 бұйрығымен бекітілген Еуразия экономикалық комиссиясының 2012 жылға және 2013 – 2014 жылдардың жоспарлық кезеңіне арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес (одан әрі - ҒЗЖ жоспары), Статистика департаменті тарапынан төрт ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілуі қарастырылған.

ҒЗЖ жоспарына сәйкес, Статистика департаменті тарапынан үш конкурс өткізілді.

1. Еуразия экономикалық комиссиясының қажеттіліктері үшін «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыптасу әдістемесіндегі ерекшеліктерді зерттеу және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының бірыңғай әдістемесі көшу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын (одан әрі - ҒЗЖ) орындауға арналған ашық конкурс - 2013 жылдың 15 сәуірінде өткізілді.

Жұмыстың мақсаты - статистика көрсеткіштерін қалыптастырудағы ұлттық әдістемелар ерешелігінің жүйелі тізбесін және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке (КО және БЭК) қатысушы мемлекеттердің статистика көрсеткіштерін қалыптастырудың бірыңғай әдістемесіне көшу жөніндегі макроэкономикалық статистика бөлігіндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Халықаралық ұсыныстарды есепке ала отырып әзірленген макрокөрсеткіштерді қалыптастырудың үйлестірілген әдістемесін алғанда, интеграциялық үдерістердің дамуының салыстырма сипаттамаларын және халықаралық салыстырма аясындағы мейлінше барабар талдауын алуға мүмкіндік беретін болады.

Конкурстың жеңімпазы - «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті» жоғары кәсіби білім беру жөніндегі федералдық мемлекеттік автономдық білім беру мекемесі болып танылды. Жұмыс 2013 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

 

2. «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттерге арналған бірыңғай статистикалық сыныптауыштарды қалыптастыру жөніндегі әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу» тақырыбындағы ҒЗЖ орындау жөніндегі екі кезеңдік конкурс - 2013 жылдың 22 ақпанында өткізілді.

Жұмыстың мақсаты - КО және БЭК мүше мемлекеттердің ұлттық статистикалық тәжірибесінде қолданылатын сыныптауыштар мен олардың халықаралық ұқсас сыныптауыштарының үйлестіру дәрежесін анықтау, сондай-ақ КО және БЭК мүше мемлекеттер үшін бірыңғай статистикалық сыныптауыштарды енгізу және тәжірибе жүзінде қолдану жөніндегі бірыңғай әдістемелік тәсілдемелерді жасап шығару болып табылады.

Мұнысы, экономикалық қызмет түрлері, өнімдер және қызметтер сыныптауышына да қатысты болып келеді.

Конкурстың жеңімпазы - «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университеті» жоғары кәсіби білім беру жөніндегі федералдық мемлекеттік автономдық білім беру мекемесі болып танылды. Жұмыс екі кезең бойынша орындалады және 2014 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.

 

3. «Тауарлардың ірілендірілген топтары (инвестициялық, аралық және тұтынушылық) бойынша жасалатын Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің жалпыланған сыртқы және өзара сауда көрсеткіштерін есептеу үшін әдістемелік негіздемелерді әзірлеу және статистикалық сыныптауышты құру» тақырыбындағы ҒЗЖ орындауға арналған ашық конкурс - 2013 жылдың 18 маусымында өткізілді.

Жұмыстың мақсаты - КО-на және БЭК-ке мүше елдердің жүргізетін сыртқы және өзара саудасының жалпылама көрсеткіштерін, тауарлардың топтары бойынша және олардың арналымына қарай есептеуге мүмкіндік беретін статистикалық сыныптауышты КО СЭҚ ТН негізінде құру болып табылады.

Сыныптауышты қолданудың арқасында, КО-на және БЭК-ке мүше елдердің жүргізетін сыртқы сауда қызметіне, соның ішінде өнеркәсіптік өндірістің көрсеткіштерімен өзара байланысына терең талдау жүргізуге мүмкіндік беретін болады.

Конкурстың жеңімпазы - «Беларусь» мемлекеттік экономикалық университеті» білім беру мекемесі болып танылды. Жұмыс - 2013 жылдың қазан айында аяқталмақ.

Одан бөлек, 2013 жылдың 9 шілдесінде «Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттерде жүргізілетін өзара сауданың статистика деректерін жинайтын және өңдейтін жүйелерді зерттеу, халықаралық (соның ішінде Еуропа Одағы елдері) тәжірибені есепке ала отырып, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау» тақырыбындағы ҒЗЖ орындауға арналған ашық конкурс жарияланды.

Жұмыстың мақсаты - КО-на және БЭК-ке мүше мемлекеттерде жүргізілетін өзара сауданың статистика деректерін жинайтын және өңдейтін жүйелерді зерттеу, оларды үйлестіру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау болып табылады.​