Жүйеге кіру
EECКомиссия құрылымыҚызметіИнтеграция және макроэкономикаМакроэкономикалық саясат департаменті
orientiry
Соңғы өзгертілген: 24.01.2021 0:38, пайдаланушы: Горкин Игорь Владимирович
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары


2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу шеңберінде Комиссияның Одаққа мүше мемлекеттердің келісімі бойынша макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын әзірлеу көзделген. Шартқа № 14 қосымшаның 1 бабының 2 тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарлары - бұл мүше мемлекеттердің экономикасы үшін неғұрлым маңызды қысқа және орта мерзімді міндеттерді айқындайтын, Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, сондай-ақ аталған міндеттерді шешу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын бағдарламалық құжат.

Мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын әзірлеу жыл сайынғы негізде жүргізіледі. Одаққа мүше барлық мемлекеттер дайындаған және келіскен құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді. Осы құжат бойынша жұмыстар цикліне оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесін және оның ережелерін орындау жөніндегі жыл сайынғы есепті әзірлеу кіреді, ол өз кезегінде жыл сайынғы баяндамада ұсынылған мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау нәтижелерімен бірлесіп, мүше мемлекеттердің келесі жылға арналған бағдарламалық құжатын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

​Осы механизмді қолдану мүше мемлекеттерге қысқа мерзімді кезеңде неғұрлым маңызды және өзекті міндеттерді шешуге бағытталған макроэкономикалық саясат саласында келісілген бірлескен іс-қимыл жасау мүмкіндігін береді.